» » » Жас жыршы-термешілердің байқауы

Жас жыршы-термешілердің байқауы

qarmaqshy-tany.kz Осы жылы туғанына 140 жыл толған Сыр шайыры, даңғайыр ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлының құрметіне мерекелік іс-шаралар өтуде. Жыл көлемінде насихатталып келе жатқан ақын мұрасының тағы бір жарқын көрінісіндей болған іс-шара Т.Салқынбайұлы атындағы аудандық өнер мектебінде жалғасын тапты.

"Ширатқан шым жібектен көгені едім" тақырыбындағы жас жыршы-термешілердің аудандық байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған өңіріміздің еңбек ардагерлері мен білім бөлімінің әдіскерлері, өнер мектебінің ұстаздары және өнерлі шәкірттердің ата-аналары қатысты.
Байқауды аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мәжитқызы ашып, үміткерлерге-ақ жол тіледі.
Қазылар алқасы жас жыршы-термешілердің өнерін мақамды салу мәнері, сахна мәдениеті мен шығарманы жатқа орындауы бойынша өз бағаларын берді. Қорытындысында кіші топтан Фатима Мархабатова І, Аянат Мирова ІІ, Азима Райымбек пен Айшуақ Райымбек ІІІ орын иегерлері атанды. Орта топта Талант Балтабай І орыннан, Мәди Елдес пен Нұриддин Мейрамбекұлы ІІ орыннан және Еркенұр Тимурқызы мен Айдана Амантай ІІІ орыннан көрініп, өнерлерімен тәнті етті. Ал үлкен топ бойынша Арай Оңғарқызы І орынды жеңіп алса, Көркем Жақыпова мен Аруназ Нұғман ІІ орынға лайық деп танылды. ІІІ орынды Мақпал Жеңісова мен Аяулым Маратқызы өзара бөлісті.
Доданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық білім бөлімінің дипломымен марапатталса, басқа да байқауға қатысушылар алғыс хаттарға ие болды.
– Бұл іс-шараның жөні бөлек. Байқау барысында аудан көлемінде 20-ға жуық жас өнерпаз өз бағын сынап, Тұрмағамбет атамыз бен өзге де Сыр шайырларының шығармаларын орындады. Байқау жоғары деңгейде өтті. Өнерде ешқашан жеңіліс болмайды. Балаларымыздың тағы бір мәрте орындау машығы ширап, қанаттанғаны анық. Жастайынан қаланған берік іргетас өскен сайын кемелдене береді. Байқаудан жас шәкірттеріміздің алғаны көп болды деген ниеттемін. Сондай-ақ, осы байқауға-демеушілік жасаған "Жаңажол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Орынбасар Төлепов ағамызға ұжым атынан айтар алғысымыз шексіз, – дейді аудандық өнер мектебінің директоры Дәулет Байғараев ризалықпен.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
15 қараша 2022 ж. 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031