» » » Шығыстан шыққан жұлдыз

Шығыстан шыққан жұлдыз

qarmaqshy-tany.kz Ауданның 95 жылдығы аясында облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының және Қуаңдария ауылдық округі клубының ұйымдастыруымен жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған «Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз – Оралхан» тақырыбында облыстық клуб қызметкерлері арасында монолог оқу байқауы өткізілді. Оған қатысушы талапкерлердің жоғары дайындықпен келгені байқаудың мазмұнын аша түсті.
Мақсат – өмірден ерте кеткенімен артында мол мұрасы қалған жазушының шығармашылық ғұмырын бүгінгі ұрпаққа насихаттау. Ұлттық әдебиетімізде өзіндік орны бар қаламгердің таңдаулы шығармаларынан үзінді келтірілді. Клуб қызметкерлеріне бас режиссер, сценарист Орынкүл Бұрханова, бөлім меңгерушісі Зина Кенжетаева, №186 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, ақын Данагүл Төртбаева қазылық жасады. Нәтижесінде бас жүлде Арал ауданынан келген Нүрила Скендірова, І орын Сырдария ауданынан қатысқан Оспан Орынбай, ІІ орын жаңақорғандық Балмұхамет Әбжаппаров, ІІІ орын қармақшылық Индира Өмірзақова мен қазалылық Бекжан Нұрманға бұйырды. Шиелілік Жазира Шармаханова мен жалағаштық Нұргүл Атырауова алғыс хатпен марапатталды.
Замира ҚАМБАРОВА,
Қуаңдария ауылдық клуб үйінің меңгерушісі
31 қазан 2023 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930