» » » Дауысымен тәнті қып, ел мақтаны атанған

Дауысымен тәнті қып, ел мақтаны атанған

qarmaqshy-tany.kz Сыр өңірі – жыр сүлейлері шыққан киелі өңір. Сол себепті де «Сыр елі – жыр елі». Мұнда жыраулық дәстүрдің мектебін қалыптастырған тұлғалар Сырдың даңқын асырды, мәртебесін арттырды. Аталар жолын жалғап, қанға сіңген жыраулық дәстүрді ұстанып жүрген жас жыршымыздың бірі – Тоғжан Бақытова. Ол 2016-2020 жылдары Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінде білім алса, қазіргі таңда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 3 курс студенті.

Жас болса да дауысымен көпті өзіне қаратып жүрген жерлесіміздің бағындырған белесі мол. Бидас Рүстембеков, Ұрхия Жұмабекова, Ұлжан Байбосынова, Аққалқа Арыстанқызы секілді ұстаздардан тәлім алған шәкірттің топ жармауы да мүмкін емес еді. Таудай талап пен ынта-жігердің арқасында 10 жылдан астам уақытын жырмен байланыстырып келе жатқан Тоғжан аймақтық, облыстық, республикалық сахналардан бөлек, халықаралық фестивальдерде топ жарған. 12 жасында Әзербайжан Республикасы, Баку қаласында өткен халықаралық «Mugam» конкурсында ІІ орынды жеңіп алса, «Айгөлек» телевизиялық балалар шығармашылық байқауында І орын, 2014 жылы Астана қаласында өткен халықаралық «Алтын Құлын» конкурсында «Қыз Жібек» жырын жырлап, І орын иегері атанды. 2015 жылы «Дарын» халықаралық байқауында бас жүлде иеленіп, осы жылы «Үйреніп, өсіп келемін, Сырдың сұлу мақамын» атты жеке шығармашылық концертін өткізген.
– Елдің атынан сахнаға шығу өнер адамына үлкен жауапкершілік жүктейді. Ата-анам, ұстаздарым, барша халық, туған ел маған сенім артып топқа қосқанда олардың үмітін ақтау мен үшін басты нәрсе болды. Ол уақытта кішкентай болсам да сол жауапкершілікті санаммен сезіндім. Мен онда «Көрұғлы» жыр дастанын Жиенбай жыраудың нұсқасымен орындадым. Сонда басқа елден келген өнерпаздар өз өнерлерін артта тұрған оркестрмен орындаса, мен өз домбыраммен ғана сахнаға шықтым. Жасым 12-де. Бойым кішкентай. Ақырын барып, орындыққа отырып, домбырамды шерте бастағанымда көрермен түгелдей қол соқты. Мен неге екенін түсінбей аңтаңмын. Сөйтсем, олар жырды бір ғана домбырамен алып шыққаныма құрмет білдіріпті. Фестиваль соңында көрермендердің біршамасы маған келіп «кішкентай адамның ішінен осындай зор дауыс қайдан шығып жатыр?» деп таңданысын білдіргендері болды. Тағы бір байқағаным – біздің ұлттық киімімізге шетелдіктер қызыға қарайды. Шетелге шығарда сахналық киімімді міндетті түрде ұлттық нақышпен байланыстыра отырып дайындаймын. Жырымнан да, киімімнен де қазақ екенім сезілсе деймін, – дейді жас өнерпаз.

Тоғжан Бақбергенқызы 17 жасында Ташкент қаласында өткен халықаралық «Iste’dod» конкурсынан ІІ орын иеленген. Мұнан бөлек те жеткен жетістіктер, шыққан белестер легі жетерлік. Талапты Тоғжан телевизиялық танымал жыр-терме бағдарламаларында өнер көрсетіп, тыңдаушының ықыласына бөленіп келеді. Түрлі ортада топ жарып жүрген талапты жас әңгіме арасында мынадай қызықты оқиғамен де бөлісе кетті.
– 12 жасымда қатысқан халықаралық «Mugam» конкурсында әділқазы болған кісі Ташкенттегі «Iste’dod» конкурсында да төрелік етті. Арада 5 жыл уақыт өтсе де, мені ұмытпаған екен. «Сіздің дауысыңызды мен естіп таң қалып тұрмын. Сол кездегі қоңыр үн әлі солайша сайрайды. Мен сізді бірден даусыңыздан таныдым. Қандай керемет» деп құрметін білдірді. Мен мұны қазақ еліне деген құрмет деп қабылдадым. Шет елде өнер көрсеткенде бір түсінгенім, өнер көрсетуге қазақтар келді десе, өзгелер аяқ тартып, қорқақтайды екен. Біздің айту мақамымыз олардан өзгеше екені рас. Туған жердің перзенті ретінде ел есімін әлемге таныту қолымнан келіп жатса, аянып қалмаймын. Өзге елге шыққан сайын, өз еліңе, жеріңе деген құрметің көбейіп, туған жердің, өскен ортаның қадірі артады. Басты мақсатым – «Елім маған не берді емес, мен еліме не бердім» деген ұстаныммен өмір сүру,- дейді өнерлі бойжеткен.
Ардак Сәкенқызы

25 қазан 2023 ж. 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 097

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031