» » » Қармақшы ауданына 95 жыл: Жүректегі жазулар

Қармақшы ауданына 95 жыл: Жүректегі жазулар


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының 95 жылдығы аясында Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде саналы ғұмырын өнер мен әдебиетке арнаған атпал азамат, тарлан талант, Сыр сүлейлерінің ізбасары, ұлағатты ұстаз Шыңғысов Мұхамбетқали Айдынәліұлының 95 жылдығына орай «Жүректегі жазулар» атты монолог оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.

Қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан ақын М.Шыңғысовтың шығармашылық өнер жолын өскелең ұрпаққа насихаттау арқылы дарынды және талантты жастардың шығармашылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы тірі тін, тұтас жаратылыс поэзия әлемінің құдіретіне тоқталып, сайысқа қатысушы талапкерлерге тілектестігін білдірді. Аталмыш сөз додасында 11 аймақ өнерпазы өзара бақ сынасты.

Байқауға Қармақшы ауданының құрметті азаматы, ардагер, Құндақбаев Шегебай, Н.Бекежанов атындағы Қазақ академиялық музыкалық драма театрының әртістері Оразалиев Асқар мен Асанов Еркін қазылық етті.

Байқау нәтижесімен бас жүлде қармақшылық Махамбетұлы Мадиярға бұйырса, Қ.Шыңғысов атындағы «Арнайы жүлдемен» Әлжан Арнұр марапатталды. І орынды Жаңақорған ауданынан келген Қалила Марғұлан, ІІ орынды жалағаштық Ерғали Әділ алса, Шиелі ауданының өнерпазы Сәбитов Думан ІІІ орынды иемденді. Байқауға қатысқан өнерпаздарға арнайы дипломдар табысталды.

Қаламымен сөз қаймағын қалқыған ақынның өмірі – өнеге, өзі – дастан!

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

27 қыркүйек 2023 ж. 543 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930