» » » Сырғалым – сырласым

Сырғалым – сырласым

qarmaqshy-tany.kz АЛДАШБАЙ АХУН АУЫЛДЫҚ КЛУБ ҮЙІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ЖЕҢГЕ МЕН ҚАЙЫНСІҢІЛІ АРАСЫНДАҒЫ ІЗГІЛІКТІ, ҚАЗАҚ КЕЛІНДЕРІ МЕН ҚЫЗЫНА САЙ БОЛМЫСТЫ НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА «СЫРҒАЛЫМ – СЫРЛАСЫМ» АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ.
Ауылдың өнегелі келіндері мен инабатты қыздары 7 кезеңнен тұратын байқауда әділқазылар қойған шарттар бойынша өзара бақ сынасты. Алдымен байқауға қатысушылар өздерін таныстырудан бастаса, одан әрі келіндер мен бұрымды қыздар өздерінің өн бойындағы өнерлерін паш етті.
Сондай-ақ, байқауда оған қатысушылар өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетіп, сайысты қыздыра түссе, әрі қарай салт-дәстүр, әдеп-ғұрып бойынша әділқазылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, көрерменнің көңіл-күйін көтерді.
Шара барысында мың бұрала билеген бишілер мен тамылжыта салған әсем әнімен шашу шашқан өнерпаздар көптің көңілінен шығып, ілтипатқа бөленді.
Байқауда талапкерлер өнерлерімен ғана емес, білімділігімен, тапқырлығымен, әртістік шеберлігімен өз ойларын жеткізіп, көрермен көзайымы атанды.
Қазақ халқының салт-дәстүрін, оның ішінде қыз бен жеңге арасындағы сыйластықты паш етуге арналған сайыста әділқазылардың шешімімен І орынды Мейрамкүл Тоғызбаева мен оның қайынсіңілісі Шехризат Жарқынбекқызы жеңіп алса, ІІ орынды Гаухар Қатбаева мен оның қайынсіңілісі Гүлім Кендебайқызы, Жансая Қуанышова мен оның қайынсіңілісі Ақнұр Молдабекова иемденді. Ал, жүлделі ІІІ орынға Гүлмариям Мұратқызы мен оның қайынсіңілісі Айымжан Астамқұлова және Әсел Назарбаева қайынсіңілісі, сайыстың ең кішкентай қатысушысы Гүлназым Русланқызы көтерілді.
Сайыс соңында жүлдегерлерге ауылдық клуб үйінің дипломдары мен бағалы сыйлықтары тапсырылды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
04 сәуір 2023 ж. 873 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930