» » "Сырғалым - Сырласым"

"Сырғалым - Сырласым"

qarmaqshy-tany.kz Алдашбай ахун ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен 30-наурыз күні "Сырғалым-Сырласым" атты жеңге мен қайын сіңілі байқауы өткізілді.
Жеңгесі мен қайын сіңілісі арасындағы ізгілікті, қазақ қызына сай болмысты насихаттайтын бұл байқауға ауылдың өнегелі келіндері мен инабатты қыздары қатысты.
Байқау 7 кезеңмен өткізілді. Бірнеше кезеңдерден құралған бұл сайыс қатысушылардың өздерін таныстырудан бастау алды. Мұнан әрі ауыл келіндері мен бұрымды қыздары өз өнерлерін көрсетіп өзара бақ сынасты.
Сондай-ақ өз қолдарымен жасаған қол өнер бұйымдарын әділқазылар алқасына көрсетіп сайысты қыздыра түсті.
Және де ата-дәстүрден жаңылмай, қатысушылар бірнеше сұрақтарға жауап беріп сыннан өтті. Бірі мың бұрала билесе,бірі әсем әннен шашу шашты. Өнерлерімен ғана емес асқан шапшаңдықтарымен, әртістік шеберліктерімен өз ойларын анық жеткізді.
Сайыс нәтижесі бойынша:
1-орынды жеңгесі Тоғызбаева Мейрамкүл мен қайын сіңілісі Жарқынбекқызы Шехрезат меншіктесе,
2-ші орынды жеңгесі Қатбаева Гаухар мен қайын сіңілісі Кендебайқызы Гүлім иеленді.
2-ші орын жеңгесі Қуанышова Жансая қайын сіңілісі Молдабекова Ақнұр қанжығалады.
3-ші орынды жеңгесі Мұратқызы Гүлмариям мен қайын сіңілісі Астамқұлова Айымжан иеленді.
3-ші орынмен жеңгесі Назарбаева Әсел мен қайын сіңілісі ең кішкентай қатысушы Русланқызы Гүлназымға бұйырды.
Клуб үйі атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді.
31 наурыз 2023 ж. 747 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031