» » » Дәстүр мен ғұрып

Дәстүр мен ғұрып

qarmaqshy-tany.kz Байқоңыр қаласындағы №272 орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі Баекеева Жанардың ұйымдастыруымен «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында Ұлттық салт-дәстүрлер мен ғұрыптар, қазақ ұлтының рухани мәдениетінің компоненті ретінде «Domdyra party» эстафетасы өтті.
Шараның мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін өсіре отырып, жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту. Мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу.
Іс-шарада «Дарын» ансамблінің орындауында «Қолбасшы» күйі, халық күйлері «Жалқы жігіт», «Нәр ағашы», «Кеңес», «Ел айрылған», «Жайма қоңыр», Қазанғаптың «Көкіл», Дәулеткерейдің «Қосалқа», Құрманғазының «Саранжап», «Адай», «Түрмеден қашқан» күйлері, Ш.Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әні, Оразбек Сәрсенұлының «Қызылқұм» күйлері орындалды.
Аталған шарада оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, төмендегідей номинацияларға ие болды:
«Ең жас күйші» – 5 «Ә» сынып оқушысы Әділжанұлы Рүстем.
«Арғымақ күйші» – 5 «Ә» сынып оқушысы Сәбитов Абдуали.
«Төкпе күйдің төресі» – 6 «А» сынып оқушысы Жетесов Нұртөре.
«Дарынды күйші» – 7 «А» сынып оқушысы Нұржанова Нұрсая.
«Кербез күйші» – 7 «Б» сынып оқушысы Кәрімбердиева Сағыныш.
«Ақжелең күйші» – 7 «Б» сынып оқушысы Набатова Аяулым.
«Тұранның тарланбозы» – 7 «А» сынып оқушысы Әділжанұлы Дастан.
«Дарабоз күйші» – 8 «Ә» сынып оқушысы Кенжеғалиқызы Салтанат.
«Дауылпаз күйші» – 8 «Ә» сынып оқушысы Серікұлы Айболат.
«Аламан күйші» – 8 «В» сынып оқушысы Серікұлы Нұрдәулет.
«Шертпе күйдің шабандозы» – 11 «А» сынып оқушысы Шәймерденов Бейбарыс.
23 ақпан 2023 ж. 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 243

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 345

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930