» » Дәстүрін дәріптеген ел озады

Дәстүрін дәріптеген ел озады

qarmaqshy-tany.kz Қай заманда, қандай жағдайда болсын ұлттық рухымызды асқақтатып, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрімізді сақтап, ұрпақ бойына сіңіру керек екені сөзсіз. Қазақ елінің әрбір азаматы ұлттық мәдениеті мен өнерін берік ұстау – міндет әрі парыз. Осы мақсатта биылғы оқу жылында No111 орта мектепте «Дәстүр және ғұрып» жобасы аясында көптеген игі істер атқарылды. Мектебімізде ұлттық ерекшелікті сақтау және мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыту мақсатында көптеген жоспар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Солардың бірі – «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы. Жоба барысында жастайынан дін мен дәстүрімізді, тағылымды тарихымызды оқып, сусындап өскен ұрпақ теріс ағымдар мен жат мәдениеттің жетегінде кетпеуге салт-дәстүрі мен тарихына ерекше мән берген елдің тұғыры биік, іргесі берік болатынын түсіндіру. Халқымыз салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа өте бай.
Ата-бабамыздан сан ғасырлар арқылы жеткен рухани құндылығымыз әрі қарай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мәңгі өмір сүруі тиіс. Себебі ұлтымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы ұрпақты өнеге мен білімге, елжандылыққа, ізгілікке, бауырмалдық пен білімге шақыруымен құнды.
2022-2023 оқу жылында «Дәстүр және ғұрып», «Оқуға құштар мектеп» жобалары аясында Ш.Шайманалиева мен мектеп кітапханашысы Д.Ерманованың ұйымдастыруымен 2-8 сынып оқушылары арасында «Бата, бесік жыры, жар-жар, жарапазан» жырларын жатқа оқу сайысы өткізілді. Оны мектеп директоры А.Сүйінбаева ашып берді. Ол мектебімізде алғаш рет биыл «Дәстүр және ғұрып» жобасының енгізілгендігін айтып өтті. Жобаның мақсаты рухани құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасуы мәңгілік ел болудың өзекті мәселесін жаңғырту. Оқушылардың ұлттық бірегейлікті сақтап, салт-дәстүрдің маңыздылығын түсіндіру. Ұрпақты өнеге мен білімге елжандылыққа, ізгілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Ұмыт болған салт-дәстүрді жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру керек екенін айтып өтті. Аталған сайысқа ата-бабамыздан қалған жырларды жатқа оқуға оқушылар белсенділікпен қатысты. Сайыс барысында оқушылар бүгінгі таңда көп айтыла бермейтін ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін жырларды нақышына келтіріп орындады. Сайысқа қатысушыларды сараптай келе мектебіміздің 8 сынып оқушысы Ә.Молдабекова үздік деп танылды. Сондай-ақ, «Тұмар» дебат клубының үйлестірушісі Ж.Қуанышованың ұйымдастыруымен «Қазақтың салт-дәстүрін ұстанған дұрыс па?» тақырыбында дебат өткізілді. Онда үкімет лидері 8-сынып оқушысы А.Молдабекова өз көзқарасын білдіріп, қазақтың салт-дәстүрі халық санасын рухани жаңғыртатын, мәдениетімізді ерекшелендіретін асыл мұра екенін айтып, сөз шеберлігімен көзге түсті.
Үкімет және оппозиция мүшелері өзара қазіргі таңда ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлермізді күнделікті өмірде қолданған дұрыс және дұрыс емес деген екі позицияны ұстанды. Оппозиция спикері А.Қожантайқызы дәстүрдің озығы бар, тозығы бар, қазіргі заман талабына сай келмейтін дәстүрлерді атады. Қыз алып қашу дәстүрінің кереғар тұстарын мысалға келтіре отырып, өзінің позициясын қорғап шықты. Дебат соңында әділқазылар шешімімен спикерлік ұпаймен «Үкімет» фракциясы жеңіске жетті. А.Қожантайқызына «Үздік оратор» номинациясы табысталды.
Қорыта келгенде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау алдағы уақытта жұмыстар жоспар бойынша атқарыла береді.
Назгүл ТҰҢҒЫШБАЕВА,
No111 орта мектептің мұғалімі
24 қаңтар 2023 ж. 670 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031