Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Тәуелсіздік тұғыры берік болсын

Тәуелсіздік тұғыры берік болсын



Тәуелсіздік  – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жазылған Елбасымыздың «Тәуелсіздік тағлымы» мақаласынан    орда бұзар жасқа жеткен еліміздің тарихындағы елеулі кезеңдерді сарабдалдықпен саралап, тарих тағлымдарын алға тартқан.
Ә дегеннен, ел бірлігінің бекем болуына, мемлекет құраушы қазақ ұлты мен елдегі түрлі этностардың берік ынтымағы жарасып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарудың арқасында өзінің тұтастығын сақтаған, шекарасын шегендеп, ірге тасы берік қалаған  еліміздің бүгінгі қол жеткізген жетістіктері мен бейбіт өміріне сіңірген Елбасымыздың еңбегі тайға таңба басқандай бедерленген. Бүгінгі аға ұрпақ кешегі Кеңестік дәуірдегі 70 жылдық кезеңдегі өміріміз бен бүгінгі 30 жылдағы қол жеткен жетістіктеріміздің айырмасын сезіне отырып, мақаладағы тарихи шындыққа тәнті боламыз.
Халқымызды ұлт ретінде танытатын тіліміздің тіріліп, діліміздің кемелденуі, салт дәстүрімізді сақтай отырып, өміріміздің жаңа бағытқа бет бұруы, экономикамыз өрлеп, әлеуметтік жағдайымыздың алға басуы, азаматтық еркіндігіміз бен құқықтық мәртебеміздің өз қолымызға тиюі   өзімізді тәуелсіз елдің азаматы ретінде сезінуімізге орасан мүмкіндіктер жасады.
Тәуелсіздігімізді жариялап, өз алдымызға ел болған күннен бастап, Еліміздің Ата заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауымыз, төл теңгеміздің айналымға енуі, рәміздеріміздің бекітіліп, асқақ желбіреген Туымыздың астында үрпағымыздың «Менің елім» деп ән шырқауы бізді қуанышқа бөлейді. Болашағымызға сеніммімізді нығайтады.
Елбасымыздың «Тәуелсіздік тағлымы» мақаласын оқып отырғанда  еліміздің отыз жылдық тарих көші мен өз ауданымыздағы қол жеткізген жетістіктерін салыстыра отырып, көптеген көңіл толарлық іске өз шүкіршілігімізді білдіріп отырдық. Ендігі міндет -  осыны жас ұрпаққа түсіндіру, елінің тарих көшіндегі бағытын ұғындыру, өз тізгінін өз қолына ұстай білуге баулу.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Шегебай Құндақбаев
Қармақшы ауданының құрметті азаматы
15 желтоқсан 2021 ж. 806 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 398

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031