» » Тәуелсіздік күні қарсаңында журналистерге мемлекеттік наградалар табысталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында журналистерге мемлекеттік наградалар табысталды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында отандық телевизияның дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар журналистерге мемлекеттік наградалар табыс етілді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.



«Тәуелсіздік күні – күллі жұртымыз үшін ұлық мереке. Азаттығымыздың 30 жылдығы қарсаңында азаматтардың еңбегі еленіп, Мемлекет басшысы тарапынан әртүрлі марапат алып жатыр. Төккен тер мен тынымсыз еңбекті елдің ең жоғарғы басшысы елеп жатса, әрине, ол – зор қуаныш. Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймын! Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!», деп жазды Берік Уәли.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай БАҚ саласында зор еңбек сіңірген бірқатар журналист Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес мемлекеттік марапаттарға ие болды.
«Құрмет» орденімен «Хабар» агенттігінің тележүргізушісі Зейін Әліпбек пен «Қазақстан» ҰТА «Апта» сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі Жайна Сламбек наградталды.
Ал, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Хабар24» телеарнасының жүргізушісі Асылбек Абдулов, журналист Мұхтар Түменбай және «КТК» телеарнасының жүргізушісі Мәдина Балғабаева марапатталды.





15 желтоқсан 2021 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930