» » Елбасының «Тәуелсіздік Тағылымы» атты мақаласы жарық көрді

Елбасының «Тәуелсіздік Тағылымы» атты мақаласы жарық көрді


Тәуелсіздік таусылмайтын жыр, түгесілмейтін ән. Әрбір халықтың санасында ең қастерлі ұғым болса, ол да, осы – тәуелсіздік, яки, елдің елдігіне деген мақтаныш. Биыл егемендік алғанымызға 30  жыл толып отыр. Бұл мерзім аз ба, көп пе, бірақ, қазақ ұлтының тарихындағы ең шешуші де сындарлы кезеңдердер осы бір оймақтай ғана уақыт теліміне тиесілі.
Елбасы Н.Назарбаев "Біз өзіміздің толағай табыстарымыз арқылы тәуелсіздікке сенбегендерді иландырдық, көнбегендерді қатарымызға тарттық, әлем мойындаған абыройлы мемлекетке айналдық. Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды. Халқы тату, экономикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақты, мәртебесі биік, абыройы асқақ Қазақстанның болашағы кешегіден кемел, бүгінгіден нұрлы екендігіне кәміл сенемін"- деді.
Ендеше, мақаламен танысқан кез келген азамат басты құндылығымыз Тәуелсіздіктің бізге оңайшылықпен келмегеніне көз жеткізеді. Мен де мақаланы оқи отырып, еліміздің Тәуелсіздігі жолында жүріп өткен жолына көз жүгіртіп, бірлігіміз бекем, еңбекқор, жаңашылдыққа бет бұрған қоғам болуымыз керектігін ұғындым.
Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 30  жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
Қазақстан — қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпағанымыз абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.
Ғасырлар керуеніне ілескен Ұлы Дала елінің ұрпақтары небір қилы заман, қиын кезеңдерді басынан өткеріп, Тәуелсіздіктің де 30 жылдық мерекесіне таяп қалды. Тәуелсіздік – қазақ халқы үшін жай айтыла салған сөз емес, бұл қазақ халқының тарихи болмысындағы аңсаған арманы.
Айдынбек АЙТБАЙҰЛЫ
Қармақшы аудандық мәслихатттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшесі,
аудандық мәслихат депутаты
10 желтоқсан 2021 ж. 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 375

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 455

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930