» » Сәпен АҢСАТОВ: "Тәуелсіздігіміз баянды болғай"

Сәпен АҢСАТОВ: "Тәуелсіздігіміз баянды болғай"

Тәуелсіздігімізді алғанымызға – 29 жыл. Тәуелсіздік бізге барлық сәнімен, салтанатымен, жасауымен үйге енген келін емес. Тәуелсіздік – ер-тұрманымен сыйға тартқан су шайқалмас боз жорға ат емес.
1991 жылы 16 желтоқсандағы салтанатты жиында заңғар жазушы, абыз ағамыз Әбіш Кекілбаев көпшілікке қарата:
– Бодандық бізді қандай сынаса, бостандық бізді одан да қатты сынайды, – деп еді.
Тәуелсіздік мемлекет тізгінін ұстаған қайраткерге де, қарапайым біз сияқты азаматтарға да үлкен сын, һәм жауапкершілік. Тәуелсіздікті туған қызыңдай мәпелей алсаң мәртебең мен мерейің. Тәуелсіздікті туған анаңдай қастерлей алсаң тілің мен діліңнің, салт-дүстүріңнің тұтастығы. Тәуелсіздік – шекарамыздың бүтіндігі, ұлттық жасампаздығымыздың кепілі. Барша жерлестерімді Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің тыныштығы, ел-халықтың ауызбірлігі мен ынтымағы баянды болғай. Тәуелсіздік күні құтты болсын.
Сәпен АҢСАТОВ,
Қармақшы ауданының құрметті азаматы.
16 желтоқсан 2020 ж. 1 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 262
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 800

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930