» » Келешегіміз кемел болсын!

Келешегіміз кемел болсын!

1986 жыл. Ызғарлы желтоқсан. Бұл – тәуелсіздікке ұмтылған қазақ елінің тарихындағы елеулі оқиға орын алған уақыт. «Толарсақтан саз кешкен» асыл азаматтарымыз бірлік үшін, ел үшін, жер үшін күресті. Қан төгілді. Бірақ, мойымады... 27 жыл бұрын біз Мәңгілік Ел болудың бірегей қадамын жасадық. Төрткүл дүниеге тәуелсіздігімізді жария еттік. Ұлы мұрат жолында құрбан болған асылдарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен ананың аққан көз жасымен, Жаратқаннан тілеген медетінен қол жеткізген Тәуелсіздік күні тұғырлы болғай! Бұл күн – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күн. Бұл күн – жалынды жастар басын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған күн. Бұл күн – бостандық пен еркіндіктің бастауы болған салтанатты күн. Бұл күн – ата-бабалар арман еткен, ұрпаққа бұйырған бақытты күн. Осы қуанышымыз, бақытымыз баянды, жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі құтты болсын! Тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін!
Айнұр ӘЛИ.
19 желтоқсан 2018 ж. 1 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 186
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 833

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031