» » "Қазақ күй өнерінің классигі - Құрманғазы"

"Қазақ күй өнерінің классигі - Құрманғазы"

qarmaqshy-tany.kz Тұрмағамбет ауылдық модельді кітапханада ұзақтың күй өнерінің атасы, жасампаз күйші Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығына арналған "Қазақ күй өнерінің классигі - Құрманғазы" атты өнер сағаты болып өтті. Қ.Сағырбайұлы ХVIII ғасырдың басында 1818 жылы Батыс Қазақстан өңірі, Орал облысы, Жанғали ауданының Жиделі елді мекенінде кедей жанұясында дүниеге келді. Құрманғазыны күй өнеріне баулыған, ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің өзекті мәселері-халықтың азаттығы мен бостандығы тақырыбына арналған. Өз туындыларында XIX ғасырдың 30-шы жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған "Кішкентай", "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден қашқан", "Адай" күйлерінде халықтың азаттықты аңсаған арманын, әділетсіздікке қарсылығын білдіреді. Ойнақы, мерекелік "Балбырауын", "Әсем" күйлері де бар. Құрманғазы бірнеше рет түрмеге де қамалған. Оның күй өнеріне баулыған: Дина Нұрпейісова, Е.Есжанов, М.Сүлейменов т.б шәкірттері болды. Қазіргі таңда ұлы күйші шығармалары кеңінен насихаталып, республиканың әрбір мәдени, өнер орындарында орындалып келеді.
16 қаңтар 2023 ж. 825 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 884
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 541

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930