» » Астанада 500 адам бір мезетте Құрманғазының күйлерін орындады

Астанада 500 адам бір мезетте Құрманғазының күйлерін орындады

Астанадағы «Бәйтерек» монументі маңында «Ұлы дала үні» атты домбырашылар флешмобы өтті. Шараның шымылдығын қазақтың қос айтыскер ақыны ашты. Алқалаған әлеумет алдына шыққан Мұхтар Ниязов пен Мейірбек Сұлтанхан жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтап, арнауларын айтты. Олардан кейін «Бастау» домбырашылар тобы Әбдімомын Желдібаевтың әйгілі «Ерке сылқым» күйін шертті. Ал «Номад» ұлт аспаптар ансамблі түрлі күйлерден поппури орындады. Осылайша қазақ күй өнерінің жеті мектебінен келген өкілдерге оркестр қосылып нәтижесінде 500 адам бір мезетте дәулескер күйші Құрманғазының атақты «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа» күйлерін күмбірлетті. Жаңарған Қарабала, шараны ұйымдастырушы: - Кешіміздің, флешмобымыздың ерекшелігі – оған қаладағы, яғни қала қонақтары мен қала тұрғындарының кез келгені қатыса алады. Яғни Құрманғазының «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа» сынды күйлерін білетін қатысушылар, домбырашылар. Ол үшін бізде осыдан 10 күн бұрын сайт ашылып, сол сайтқа қала тұрғындары тіркелді.

02 мамыр 2018 ж. 1 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930