» » ПАЙ,ПАЙ,ШІРКІН ҚАЗАҚТЫҢ ДƏСТҮРЛЕРІ-АЙ!

ПАЙ,ПАЙ,ШІРКІН ҚАЗАҚТЫҢ ДƏСТҮРЛЕРІ-АЙ!

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласын негізге ала отырып біздің ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасы Қостанай қалалық Островский атындағы кітапханасымен бірлесе отырып бейне көпір арқылы ONLINE режимінде "Жаңғырудың қамы-жасампаздықтың салты" жобасын іске асыру мақсатында "Пай,пай,шіркін қазақтың дəстүрлері-ай"атты тақырыбында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара болып өтті. Мерекелік шарада қостанайлық əріптестер өз оқырмандарымен салт-дəстүрлер туралы толық мағлұмат беріп,қазақ халқының бірнеше: сүйінші сұрау,сəукеле кигізу, қыз ұзату, қамшы ілу, бесікке салу салт-дəстүрлерінен көрініс көрсетті. Кітапхана оқырмандары өзара викториналық сұрақтарға жауап беріп,əннен шашу шашты. Байланыста болған ауылдық кітапхана оқырмандары Ертохаева Ақниет М.Шахановтың "Жалын", М.Мақатаевтың "Шеше,сен бақыттысың" атты өлеңдерін оқыса, Серікбайұлы Бақдəулет Қазанғаптың" Күй басы", Бейбітұлы Диас күйші Желдібаевтың "Ерке сылқым"атты күйлерін күмбірлете тартып, И.Өмірзақова халық əні "Еркем-ай"атты əнін шырқап екі жақтың оқырмандар көңілінен шықты. Мерекелік шара соңында екі жақтың əріптестері алдағы уақытта да тығыз байланыста болатындықтарын айтып,ақ тілектерін білдірді.
21 наурыз 2018 ж. 1 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 750
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031