Жыраулық өнер

qarmaqshy-tany.kz Көшеней – өлмес өнердің мәйегі. Ол өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап тынып қалған дәстүрлі жыраулық өнердің телегей теңізін дауылдай шайқап, талай ұрпаққа тағылым болар өнерге өшпестей із қалдырған зор талант иесі, небәрі 27 жылдық ғұмырында өнер аспанынан жұлдыздай ағып түскен хас талант. Алты Алашқа аты мәлім даңғайыр жыраулардың ұрпағы, ақын-сазгер, жампоз жырау.

Талай ұрпаққа тағылым болар өнердің әр саласында із қалдырған талант иесі Көшеней Рүстембековтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Мен едім көкке бойлай жанған жалын» тақырыбында балалар арасындағы аудандық дәстүрлі ұлттық өнер байқауы өтті.
Дәстүрлі додаға жыр жауһарлы ақын-жыраулар көшінің алтын бұйдасын жалғастырушы ізбасар өнерпаздар қатысты. Ұлттық өнерді ұлықтаған өнер байқауында айтыс, күй, жыр жанры бойынша сайысқа түскен талапкерлер бір-бірінен оқ бойы оза шауып, кеш көркін қыздырды. Кемел жырдың көшкіні елеңдеткен естіні, көшен жырдың тасқыны, тамырлатқан өлкеде тағы бір жыр додасы осылайша көрермендер ықыласына бөленді.
Сайыстың қорытынды шешімімен жыр-терме, айтыс, күй жанрлары бойынша үздік шыққан жас өнерпаздар мара патталып, қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.
Көшеней жырының көсегесі көгеріп, текті жырымыз ұрпақ тағылымына ұласып, ұлттық дәстүрлі додаға айнала беретіні сөзсіз. Сондықтан да тарихи тұлғаның біздің өлкемізде туғанын мақтаныш тұтып, келешек ұрпаққа өмірі мен шығармашылығын насихаттап, дәріптеу – біздің абыройлы міндетіміз.
"Қт" ақпарат
22 қараша 2022 ж. 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031