» » » Мен едім көкке бойлай жанған жалын

Мен едім көкке бойлай жанған жалын


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімінің қолдауымен, Қорқыт ата елінде, Қармақшы жерінде, жыр ғұмырдың топырағында алты Алашқа аты мәлім даңғайыр жыраулардың ұрпағы, ақын-сазгер, жампоз жырау Көшеней Рүстембековтің өмірі мен шығармашылығына арналған аудандық «Мен едім көкке бойлай жанған жалын» атты балалар арасындағы дәстүрлі ұлттық өнер байқауы өткізілді.
Дәстүрлі додаға жыр жауһарлы ақын-жырауларымыздың көшінің алтын бұйдасын жалғастырушы ізбасар өнерпаздарымыз қатысты.
Ұлылығымызды ұлықтаған өнер байқауында айтыс, күй, жыр жанры бойынша сайысқа түскен талапкерлер бір-бірінен оқ бойы оза шауып кеш көркін қыздыра түсті.
Кемел жырдың көшкіні елеңдеткен естіні, көшен жырдың тасқыны, тамырлатқан өлкеде тағы бір жыр додасы осылайша көрермендер ықыласына бөленді.
Әділқазылардың шешімімен жыр-терме,айтыс, күй жанрлары бойынша үздік шыққан жас өнерпаздар марапатталып, қатысушы талапкерлерге де Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар үлестірілді.
Қашанда Көшеней жырының көсегесі көгеріп, текті жырымыз ұрпақ тағылымына ұласып,ұлттық дәстүрлі додаға айнала беретіні сөзсіз.
Сондықтанда тарихи тұлғаның біздің өлкемізде туғанын мақтаныш тұтып, келешек ұрпаққа өмірі мен шығармашылығын насихаттап, дәріптеу - біздің абыройлы міндетіміз болып қалыптаспақ.
19 қараша 2022 ж. 757 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 153
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 795

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031