» » » «Бестің шәйі» қорытындыланды

«Бестің шәйі» қорытындыланды



Қорқыттан қалған құтты өнерді дәріптеген елімізде жыл өткен сайын дәстүрлі өнерге деген құрмет артып келеді. Мәдениет саласына да айрықша көңіл бөлініп, қолдау білдіруде. Осындай ерекше қолдауға ие болған ауқымды жобаның бірі – «Бестің шәйі».
2020 жылы рухани-танымдық сұқбат бағытындағы көрерменге жол тартқан бұл бағдарлама өткен жылы ауқымы кеңейіп телетүсірілім жоба ретінде қайта жаңғырды. 2021 жылы қызылдың қиясындағы Жаңақала елдімекенінен алғашқы түсірілімін бастады. Жобаның негізгі – мақсаты шалғай жатқан елді мекендегі тыныс-тіршілік, ондағы жай-жапсар, өнерге деген құштарлығы бар жастардың, әр ауылдың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын көрермен назарына ұсыну. Әр аптаның жұма күні  «Бестің шәйіна» тураланып түсірлген бағдарлама сағат 17:00 де халыққа жол тартып отырды. Көрермен көзайымына айналған бұл жоба Фейзбук әлеуметтік желісінде мыңдаған лүпіл мен жүзден аса пікір жинап үлгерді. Жыл соңында аудандық мәдениет үйінде аталған жобаны қорытындылауға арналған салтанатты кеш өткізілді.
Айтулы іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев қатысып, жиналған жұртшылықты Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен және жаңа жыл мерекесімен құттықтады.  
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елді мекендердің 30 жылдағы даму қарқыны, танылмай жүрген таланттарды таныту, рухани қазынаға бай өлкемізді жан-жақты зерттеу мақсатында ұйымдастырылған «Бестің шәйі» рухани-танымдық бағдарламасының қорытынды кешінде осы жобаның іске асырылуына атсалысқан ауылдарға түрлі номинациялар табысталды. Нақтырақ тоқталсақ, Көмекбаев пен Қуаңдария ауылы «Руханият жанашыры» атанса, Алдашбай ахун ауылы «Қонақжай ауыл», Тұрмағамбет ауылы «Кәсіпкер ауыл», Ақжар ауылы «Іскер ауыл», Ақтөбе «Берекелі ауыл», ІІІ Интернационал «Үлгілі ауыл», Жаңажол ауылы «Көрікті ауыл», Иіркөл  ауылы «Ұйымшылдық ұйытқысы», Төребай би ауылы «Тағылымды ауыл», Қызылтам ауылы «Шебер ауыл», Қармақшы ауылы «Шығармашыл ауыл», Төретам кенті «Жаңашыл ауыл», Ақай ауылы «Ізденімпаз ауыл» атанса, «Бестің шәйі» жобасына «Үздік жоба» номинациямен марапатталды.
– Түсірілім барысында көптеген қызыққа тап болдық. Сондай-ақ жоба аясында әр елді мекеннің қонақжайлылығы жүрекке жылу ұялатып, ауыл ақсақалдарының берген баталары алға қойған мақсаттарымызға сенім ұялатты. Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйі директоры Арнұр Көшеней жетекшілік жасаған жоба халықтың оң ықыласына ие бола білді. Алдағы уақытта мәдениет жастарынан көптеген креативке толы жобалар күтіңіздер, – дейді жоба авторы Мадияр Махамбетұлы.
Сондай-ақ, жиында мәдениет саласында табысты еңбек етіп жүрген сала үздіктері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
10 қаңтар 2022 ж. 1 086 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031