» » » Шай үстіндегі сырлы сұқбат

Шай үстіндегі сырлы сұқбат


ЖОСАЛЫ, 13 маусым – qarmaqshy-tany.kz Елімізде карантин режимі енгізіліп, үш айдан астам уақыт тұрғындар үйде отыруға мәжбүр болды. Бұл күшейтілген шара олардың қауіпсіздігі мен амандығы үшін енгізілгенімен, біраз адам үйде отырудан жалығып, құты қашқаны жасырын емес. Дегенмен, жата-жата мезі болған халықтың көңілін көтеріп, уақытын қызықты әрі тиімді өткізуге үлес қосқандар көп. Оның ішінде мәдениет саласының қызметкерлерінің орны елеулі. Мәселен, ауданның мәдениет саласында қызмет етушілер сол уақытта 100-ден астам онлайн шара ұйымдастырды. 

Дүйім жұрттың ыстық ықыласына бөленіп жүрген мәдениет майталмандары күн сайын жаңа қырынан танылып келеді. Олар орын алған жағдайға қарамастан көрерменнің көзайымы болды. Бұл үшін көп тер төгіліп, өлшеусіз еңбек етілді. Міне, осындай еңбектің арқасында көрерменге жол тартып, бүгінде өз аудиториясын жинап үлгерген жарқын жоба – "Бестің шайы" рухани-танымдық бағдарламасы.

– Мәдениет үйінің басшылары тарапынан осындай жоба жасауға ұсыныс түсті. Жұмысқа бірден кірісіп, ең алғашқы түсірілімді бастап кеттік. Ендігі мәселе жобаға ат қою болды. Әріптестер мен таныстар тарапынан түрлі ұсыныс пен идея айтылды. Алайда, ол атаудың бірі де көңілімнен шықпады. Үлкен ойдың үстінде жүрген кезімде үйде кешкі шайымды ішіп отырғанмын. Осы кезде бағдарламаны "Бестің шайы" деп атауды шештім, – дейді жобаның жүргізушісі Мадияр Махамбет.

Ауылда бестің шайын ішіп отырып, асықпай көретін бағдарлама болсын деген мақсатта құрылған бұл жоба қоғамнан өз орнын тауып үлгерді. Бір жағынан ауданда, ауылда жүрген құрметті азаматтар, еңбек ардагерлері және мәдениет саласының үздіктерімен сұқбаттасу мақсатында жарық көрген. Сұқбат барысында сол азаматтардың еңбек жолы, қызмет бабындағы қызықтары мен ерекше сәттері айтылады.
Жобаның алғашқы қонағы болып белгілі жырау Бидас Рүстембеков келді.

Жоба аясында небәрі 5 адам жұмыс істейді. Мәселен, Мадияр Махамбетұлы бағдарламаны жүргізсе, мәдени ұйымдастырушы Нұркен Әлиасқаров қонаққа қойылар сұрақтарды жазады. Сондай-ақ Берік Аитов пен Азамат Аққошқаров операторлық қызмет атқарса, Алмат Байтабынов түсірілген материалды монтаждайды. Жұмыс барысында қызықтар мен қиындықтар қатар жүретіні заңдылық. Бұл жоба аясында да мұндай оқиғалар болған. Аудандық мәслихаттың депутаты, әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раевамен мәнді сұқбат болып, әдеттегіше таспаға түсірілген. Кейіннен кешкі уақытта Мадиярдың ұялы телефонына қоңырау шалып, көтерген кезде "Түсірілген барлық видеоның дыбысы жазылмаған" деген хабар келген. Тілдесу барысында түрлі қызықты әңгіме, оқиға айтылды. Енді оны қайта түсірсе де алғашындағыдай болмайтыны анық. Міне, осының бәріне көңілі түскен жүргізуші өзін қоярға жер таппаған-ды. Дегенмен, видеоны әрлеуші монтажерлар камераның түрлі баптауын тексеріп, видеоның дыбысын қалпына келтірген. Осылайша, кезекті әрі көптен күткен сұқбат халыққа ұсынылды.

– Шығармашылық адамының жұмысы нәтижелі болуы үшін шабыт керек. Ал біз бұл бағдарламаны түсіру үшін шабытты әрине қырағы көрерменнен аламыз. Олардың желідегі "Келесі бөлім қашан шығады? Асыға күтеміз", "Әдемі сұқбат болды" деген пікірлері жұмысымызды ілгерілетеді. Сондай-ақ басшылар тарапынан демеу мен көмек те аз емес. Сондықтан алдағы уақытта әлі талай жарқын дүние көрерменге жол тартады, – дейді Мадияр.

Қазіргі таңда 8 бағдарлама түсіріліп, жаңа қонақтармен жақсы сұқбаттар жүргізілді. Алдағы уақытта еліміздің түкпірінде, шетелде жүрген
қармақшылық жерлестермен сұқбаттасу жоспарлануда. Жақсы дүние шығу үшін алдымен креатив, одан соң сапа қажет. Бұл орайда жобаға қажетті құралдар, реквизиттер мен локация жағынан Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінің директоры Арнұр Көшеней қолдау көрсетуде. Сондай-ақ басшы өзінің тың идеяларымен бөлісіп, рухани демеуден де кенде қалған емес.

– Негізі бестің шайы – ол ауылда үйдегілермен шүйіркелесіп отырып, әңгіме айтатын уақыт қой. Міне, біздің жоба дәл осы мақсатта, еркін тақырыпта әңгімелесуге арналған. Бастысы – бағдарлама өз жұмысын тоқтатпаса. Алдағы уақытта жобаны материалдық жағынан дамыту да ойда бар. Оған қолдау білдіріп, арнайы студия жағынан демеушілік ететіндер болса қуана-қуана қабылдаймыз, – дейді жоба жетекшілері.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
13 маусым 2020 ж. 1 618 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 094

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031