» » Жеңілдетілген жүйе: оңтайлы шешім

Жеңілдетілген жүйе: оңтайлы шешім

Соңғы уақытта елімізде төтенше жағдай режимі жеңілдетіліп, кейбір шектеулер алынды. Мәселен, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан еліміздің бірнеше қаласына әуе рейстері ашылды. Қала ішіндегі қоғамдық көлік қозғалысы жанданып, азық-түлік дүкендері жұмыс уақытын ұзартты. Сондай-ақ сұлулық салондары өз кәсібін жалғастыруда. Дегенмен, шектеулер жеңілдетілгенмен өз шарттары барын білесіз бе?
Мысалы, қалааралық әуе қатынастарын қолдану үшін әуежайда сіздің дене қызуыңызды тексереді. Азық-түлік дүкенінде сақтық шаралары мен тазалық қатаң түрде сақталуы тиіс. Шаштараздың өзіне белгілі бір уақытқа жазылып бару керек. Ал біз ше? Бұл жеңілдіктерді тым жеңіл қабылдаған жоқпыз ба?
Расымен, көшеде жүрген адам саны көбейді. Иә, ұзақ уақыт үйде отырған халық көшеге шығып сергіп қайтқысы, біраз шаруасын тыңдырғысы келеді. Алайда, біз неге вирустан қорғайтын бірден-бір құрал масканы қолдануды қойдық? Екі күнде қазақстандық шаштараз иелері 52,3 миллион теңге ақша тауыпты. Осы ақшаны төлегендердің қаншасы жазылып, қанша адам шаштараз алдында ұзын-сонар кезекте тұрды? Кезекте тұрса олар қауіпсіз арақашықтықты сақтады ма? Үнсіздік...
Карантин біткені, я шектеулердің жеңілдетілгені бейқамдықтың белгісі емес. Біз бұл індетті әлі толықтай жеңген жоқпыз, оны жұқтырып жатқандар әлі күнге дейін бар. Коронавирустың пайда болған Қытайдың Ухань қаласында 36 тәуліктен кейін тағы вирус жұқтырғандар тіркелді. Коронавируспен күресу өз нәтижесін беріп, жағдайды өз бақылауына алдық дегеннің өзінде вирусты таратушы жаңа ошақтар пайда болуда. Ол елде заң жүйесі қатал және оны халық бір кісідей сақтайтыны көпшілікке аян. Бірақ темірдей тәртіпті сақтағанда бұл вирусты жұқтырғандар саны артуда. Иә, бұл елде қатаң шектеу жүйесінің нәтижесінде індет жұқтырған адамдардың көбісі айығып шықты. Дегенмен, бұл нәтижеге жету үшін олар 3 айдан астам уақыт жұмсап, 4500-ден астам тұрғынынан айырылды. Әлеуеті мен мүмкіндігі зор деп есептелетін елдің өзі бұл індетті ауыздықтауға осынша көп күш пен уақыт жұмсады.
Біздің мемлекет те індеттің жайылып кетпесі үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр. Әлем ғалымдарының айтуынша, Қазақстан шешімді дер кезінде қабылдап, жағдайды ушықтырмады. Яғни, өз уақытында үйімізде отырмаған жағдайда қазіргі статистика мүлде басқаша болуы мүмкін еді. Өз уақытында қабылданған режим нәтижесін берді. Ақ халатты абзал жандар да қиын уақытта күндіз-түні қызметте болып, вируспен бетпе-бет күресіп жатыр. Өкініштісі, өзгенің амандығы үшін өзін отқа қарсы қойған дәрігерлердің арасында бұл аты жаман ауруды жұқтырғандар бар. Дегенмен, қазіргі таңда елімізде екі мыңға жуық адам вирусты жеңіп, өз үйіне оралды. Осы тұста тәртіп сақшылары мен еріктілер де тыс қалған жоқ. Блок бекетті екінші үйіне айналдырып, бір байыз таппай қызмет бабында жүр. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көшелерге тазартқыш суды сеуіп әлек. Азық-түлік дүкені мен дәріхана сатушыларының еңбегін де елеусіз қалдыруға болмайды. Олар да өз денсаулығын қатерге тігіп, халықты уақытылы қажеттілігімен қамтамасыз етуде. Яғни, вирусты жеңу үшін елімізде аз шаруа атқарылған жоқ. Мемлекет тарапынан көмек көрсетілді, еріктілер ерліктерін дәлелдеді. Міне, осынша еңбек елеусіз қалмауы тиіс.

P.S.
Қазіргі кезде барлық адам бұрынғы күніне оралғысы келеді. Тіпті бір кездері зауқы болмағандардың өзі қазір жұмысқа, сабаққа асығып жүр. Тысқа шығып саябақ пен табиғат аясында таза ауа жұтып, көңіл көтергіміз келеді. Ол күндердің де ауылы алыс емес екені сөзсіз. Ендігісі бір жұдырықтай жұмылып, темірдей тәртіпті сақтау керек. Қазіргі таңда әдетке айналып кеткен сақтық шарасын да ұмытуға болмайды. Осының барлығын қадағаласақ өткен күнге ораламыз.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
16 мамыр 2020 ж. 764 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 060

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031