» » » Мерекедегі марапат

Мерекедегі марапат

АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ ОРАЙ «ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ. ОҒАН АУДАН ӘКІМІ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ, АРДАГЕРЛЕР, ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ, МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР, БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ҚАТЫСТЫ.
Ұлт көшбасшысын ұлықтаған мере­келік кешті аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы ашып, Елбасының өмірбаяны мен саяси еңбек жолына шолу жасаған аудан басшысы жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.
– Тәуелсіздікті тұғырына қон­дыр­ған, елді ерлікке жеткізген Ұлт көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Бүгінде әлем жұртшылығы Қазақстанның Тұңғыш Президентін дүниежүзіндегі ең жарқын және беделді көшбасшылардың бірі деп санайды. Оның бейбітшілікті қолдау бастамалары мен ядролық қарусыздануға қосқан орасан үлесі арқасында тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық деңгейде бекемделіп, ел егемендігі бірауыздан мойындалды. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз қабылданып, ұлттық валютамыз және Астанамыз дүниеге келді. Жыр елі атанған қасиетті мекен, Қармақшы елі Елбасымыздың сарабдал саясаты мен бастамаларына қолдау жасай отырып, халқымыздың бірлігінің арқасында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты артып, мәдениеті мен руханияты дами түсті. Осынау халқының бірлігі мен берекесін арттырып, мемлекеттің мерейін асыратын мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, – деді Қайрат Нұртай.
Мерекелік іс-шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлесін қосып жүрген, еңбегімен дараланған бір топ сала мамандары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Одан соң ауданның өнер ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынып, отансүйгіштікті дәріптейтін әндер шырқалды. Салтанатта «Елбасы – Тәуелсіздік тұтқасы» тақырыбында пролог көрсетілсе, Елбасының өмірі мен саяси еңбек жолына арналған көрме ұйымдастырылды.
Иә, мемлекетімізді дамытуда Елбасының еңбегі ерен. Тәуелсіздіктің арқасында тіліміз, дініміз, мәдениетіміз тұғырына қонды. Тәуелсіздікті жариялаумен мәселе шешілмейді. Оны сақтау қажет. Тұрақтылықты сақтауда, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Елбасының еңбегі айтылуы тиіс, насихатталуы қажет. Осы мақсатты нысанаға алып ұйымдастырылған мерекелік іс-шара көптің көңіліне керемет көңіл-күй сыйлады.

Айнұр ӘЛИ

04 желтоқсан 2021 ж. 757 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031