» » Аудан әкімінің 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен құттықтауы

ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАР!

Cіздерді Қазақстан Республика­сының Тұңғыш Президенті күнімен шын көңілмен құттықтаймын.
1 желтоқсан – біздің тарихы­мыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Тәуелсіздікті тұғырына қон­дырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады.
Бүгінде әлем жұртшылығы Қа­зақ­станның Тұңғыш Президентін дүниежүзіндегі ең жарқын және бе­делді көшбасшылардың бірі деп санайды.
Оның бейбітшілікті қолдау бастамалары мен ядролық қарусыздануға қосқан орасан үлесі арқасында тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық деңгейде бекемделіп, ел егемендігі бірауыздан мойындалды.
Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз қабылданып, ұлттық валютамыз және Астанамыз дүниеге келді.

Қымбатты жерлестер!

Жыр елі атанған қасиетті мекен, Қармақшы елі Елбасымыздың сарабдал саясаты мен бастамаларына қолдау жасай отырып, халқымыздың бірлігінің арқасында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты артып, мәдениеті мен руханияты дами түсті.
Тәуелсіздіктің 30 жылында ауданы­мыздың жеткен жетістіктері мен жеңістері Тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.
Осынау халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!

Ізгі ниетпен аудан әкімі
Қайрат Нұртай
01 желтоқсан 2021 ж. 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 361
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728