» » » Жасай бер, Алашымның Астанасы!

Жасай бер, Алашымның Астанасы!


Арманды қуып жеткен сағым қандай,
Ақ түйенің қарны жарылғандай.
Тәуелсіздік символы алтын ордам,
Бүгінде айдан алқа тағынғандай.

Үңілсем көне тарих беттеріне,
Бабалардың сын-сағат өткеліне.
Тар жол – тайғақ кешудің жауабындай,
Астанам тәңір сыйы көкте міне.

Сұлулық өн бойына жарасады,
«Бәйтерегім» аспанмен таласады.
Жырдан шашу шашамын қанаттанып,
Күн сайын өзгеруде қала сәні.

Жалындаған жастардың арманындай,
Сарыарқада бақ жұлдыз жанғанындай.

Мәңгілік қарыштай бер жаңа Астанам,
Жер бетінде бақ мекен бар ма мұндай. 

Бар қазақтың басын қосар бас қаласы,
Елімнің тым арманшыл жас қаласы.
Кеше ғана Елбасым арман еткен,
Бақ ордам – бүгін қазақ астанасы.

Елбасым ерен тұлға мақтанымсың,
Деп тіледің еліме бақ дарысын.
Дүниеге таныттың қазақ елін,
Жүректен  жыр-шашулар ақтарылсын.

Қазақтың көрікті ел жас қаласы,
Жастардың жасампаз күш – бас қаласы.
Құтты болсын бақ ордам туған күнің,
Жасай бер, Алашымның Астанасы!
Зарипа ТАСЫМОВА
06 шілде 2021 ж. 1 539 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031