Құрылтай
» » » Алтын домбыра ауылда

Алтын домбыра ауылда


Үш дүркін «Алтын домбыра» иегері атанған ақтаңгер ақын Мұхтар Ниязов ынтымағы жарасқан, сан ұлт ұйысқан ғажап мекен ІІІ Интернационал ауылына келді. Ауыл тұрғындары Алаштың аяулысын есік алдынан шашу шашып қарсы алды. Арнайы әзірленген әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарынан ауыз тигізді. Одан соң кездесу кеші ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Іс-шарада жергілікті ақын Орынкүл Тынымбаева ақынға арнау айтса, арнайы сөз алған ауыл әкімі Нұрлыбек Сайымов пен "Достық Жер МК" ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев жылы лебізін білдіріп, сый-сияпат жасады.

Одан соң мәдениет үйі жанынан құрылған әжелер ансамблі әннен шашу шашса, Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің студенті Мөлдір Асылбекова күй шертті.

Кездесуде ауыл тұрғындары қызығушылық танытқан, көкейінде жүрген түрлі сұрағын қойып, оған жауап алды. Кеш соңында ардагер-ақсақал Амангелді Сұлтанов айтыскер ақынға ақ батасын берді. Өз кезегінде ауыл азаматтары осындай кештің өтуіне ұйытқы болған, тұрғындардың ыстық ықыласына бөленіп жүрген Мұрат Абайұлына алғаусыз алғысын жеткізді.

Айнұр ӘЛИ

03 ақпан 2021 ж. 1 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 606
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31