» » » Түркиядан келген қонақтар

Түркиядан келген қонақтар


Қонақжайлық-қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі.
Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты,бір-біріне деген құрметті,қамқорлықты білдіретін,кісінің адамгершілігін,имандылығын айқындайтын қасиет. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай,достық ықылас көрсетіп,ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған.Кеше 1-ші желтоқсан күні Достығы жарасқан көп ұлтты ауылымызға Түркиядан кәсіпкер әрі оқытушы Мұрат Гультикин,Асан Али есімді түрік азаматтары,олармен бірге Қызылорда туризм ассоциациясының төрайымы Сауле Булегенова,ұлттық нақыш орталығының жетекшісі Аида Керимқұловалар ауылда қонақта болды.Оларды ауылдық округі әкімі А.Омаров,"Достық Жер МК"ЖШС-і директоры М.Сәрсенбаев күтіп алды.
Ауылдағы Цай Ден Хак атындағы мұражаймен танысқан қонақтар,мәдениет үйіне жиналған ауыл тұрғындарымен кездесті.
Риза болған қонақтар әр ұлттың ұлттық көрмесі- тағамынан ауыз тиіп,арнайы ұйымдастырылған мәдени шараны тамашалады.
Сонан соң "қонақ үйінде"жайылған үлкен астан дәм татып,әдемі әңгімеге ұласты.
Шаруашылық басшысы келген түркия қонақтарына арнайы сый-сияпат жасады.

Р.Тұрманова.
02 желтоқсан 2019 ж. 1 543 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031