Елена қыз

Тұрмағамбет ауылында ауылдық клуб үйінде Жаңа жылдық "Бал-маскарад" кеші болып өтті. Бал-маскарад кешін ауыл әкімі Б.Байбарақов ашып, ауыл тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Одан кейін сөз кезегі аудандық мәслихат депутаты, Тұрмағамбет ЖШС директоры Н.Пірмантаев Жаңа жыл мерекесімен құттықтап ақ тілегін айтты. Биылғы "Бал-маскарад" кешінің ерекшелігі Қазақстанның Еңбек сіңірген әншісі, сазгер Елена Әбдіхалықова келіп ауыл тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап әннен шашу шашты.



Елена апайымыз сахнадан түсіп ауыл тұрғындарына ерекше ілтипат білдіріп әр қайсысымен амандасып ортаға шығып би билеп, халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұдан кейін сөз алған жергілікті ақын Қазақстан журналистер одағының мүшесі Ү.Өндібаева "Елена қызға" деген арнап жазған өлеңін оқыды. Елена әншіге ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Зауытов ауыл тұрғындарының атынан ақ батасын берді. Бал-маскарад кеші жастардың ойын сауығымен жалғасты.
30 желтоқсан 2018 ж. 1 600 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031