» » » Qazaqstan арнасында "Абай" және "Әл-Фараби" телесериалдарының премьералық көрсетілімдері өтеді

Qazaqstan арнасында "Абай" және "Әл-Фараби" телесериалдарының премьералық көрсетілімдері өтеді

Qazaqstan телеарнасында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай "Абай" және "Әл-Фараби" телесериалдарының премьералық көрсетілімдері өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сериалдар Абайдың 175 жылдығына және әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған және корпорацияның жылдық жұмысының нәтижесі болады.
"Абай" хикаясы қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы А.Құнанбаевтың өмірін баяндайды. Фильм Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы"роман-эпопеясына негізделген. Алты бөлімнен тұратын жоба ақын өмірінің үш кезеңін қамтиды. Абайдың рөлін бірден үш актер сомдады: Дархан Сүлейменов пен Әли Тұрсынхан ақынды жас кезін көрсетті. Абайдың басты рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов ойнады. Абайдың әкесі - Құнанбай рөліне республиканың еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Қаптағай таңдалды, әйгілі қазақстандық актриса Гүлшат Тутова Абайдың анасы - Ұлжан рөлін сомдады, әжесі Зеренің рөліне Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рахилям Машурова шақырылды.
"Қазақстан" РТРК басқарма төрағасы Ләззат Танысбайдың айтуынша, бүкіл шығармашылық топтың алдында күрделі міндет тұрды: Қазақстан тарихындағы екі ұлы тұлға туралы өмірбаяндық сериалды түсіру ғана емес, тереңірек үңілу: осы адамдардың жан-жақтылығы мен бірегейлігін, олардың бүкіл Қазақстанның өткені, бүгіні және болашағы үшін маңыздылығын көрсету.
Ләззат Танысбай Абай рөліне таңдалған актер ақынға визуалды ұқсап қана қоймай, жазушы кейіпіне енуі, оның туған жері мен қазақ халқына деген сүйіспеншілігін сезінуі міндетті болғанын атап өтті.
Сериал Абай тұлғасының қалыптасуының барлық қыр-сырын ашып, оның ортасы мен ұлы ақынның адами болмысын көрсетеді. Ұлттық телеарна көрсететін сериалдың бұдан бұрын Абай Құнанбаевқа арналған барлық фильмдерінен айырмашылығы осында. Ақынның мінезі мен сол жылдардағы өмірді мүмкіндігінше дәл көрсету мақсатында шығармашылық топпен бірге ғалымдар, тарихшылар, абайтанушылар, филологтар жұмыс істеді.
Алайда шығармашылық топқа пандемия кедергі келтірді. Бірақ коронавирусқа байланысты карантиндік шектеулерге қарамастан, жұмыс уақытында аяқталды. Тек түсірілім географиясын қайта қарауға тура келді: Шығыс Қазақстандағы жұмыстан бас тартты, түсірілім тек Алматы облысында өтті.
"Мен туындаған кедергілерге қарамастан, қойылған міндетті орындаған барлық шығармашылық ұжымға алғыс айтқым келеді. Жұмыстағы қиындықтар түсірілім сапасына әсер еткен жоқ. Бұл мақсаты ортақ ұжымның бірлескен жобасы", - деді "Қазақстан" РТРК басқарма төрағасы Ләззат Танысбай.
"Абай" - Қазақстандағы ұлы ақын туралы алғашқы телевизиялық телехикая. Фильмнің режиссері-Мұрат Бидосов. Сценарий авторы - Сержан Зәкерұлы. Түсірілім тобының кеңесшісі - белгілі жазушы-драматург Дулат Исабеков. Бас редакторы - Қайнар Олжай.
"Абай туралы сериалдың түсірілімі жоспарланғанын білген кезде, бір мезетте қуанып, ойланып қалдым. Қазір ұлы ақын туралы көптеген спектакльдер мен фильмдер түсірілді. Абайдың жеке тұлғасы әрдайым бірнеше жолмен көрсетіледі. Ал біздің алдымызда жазушы және ағартушыны тарихи және қол жетімсіз тұлға – Қазақстанның мәдени жауһары ретінде емес, ең алдымен тұлға ретінде көрсету, оның мінезін, адамның ішкі сұлулығын ашу мақсаты тұрды. Сценарий менің стиліме, композицияға және оқиғаның сәйкестілігіне қойылатын талаптарға толық сай келді. Осындай сападағы көптен күткен "Абай" хикаясы теледидарда шыққанына қуаныштымын", - деді сериалдағы жұмысы туралы белгілі қазақстандық жазушы және драматург Дулат Исабеков.
Ләззат Танысбайдың айтуынша, корпорацияның барлық басшылығы қиын  міндетті түсінген, себебі бұл - Абайға арналған алғашқы отандық телехикая. Бұл факт шығармашылық топқа ерекше жауапкершілік жүктеді. Отандық киноиндустрия, оның ішінде елімізде тарихи фильмдер, сериалдар шығару әлі де даму сатысында. Бірақ қазір Қазақстанда күрделі тарихи жанрда да сапалы контент шығаратын продюсерлік компаниялар бар. Жаңа сериал отандық теледидар өнімдерін өндірушілер үшін үлкен тәжірибе болды.
Корпорация Абай туралы телесериалдан басқа Қазақстанда тұңғыш рет түріктің ұлы философы Әл-Фарабидің өмірі туралы фильм ұсынады. Жеті сериялы телехикая Шығыстың көрнекті ойшылы туралы, оның Дамаск пен Отырарда өткізген өмірі туралы баяндайды.
Сериал еліміздің бірнеше өңірінде: Түркістан, Алматы облыстарында, сондай-ақ Өзбекстанда түсірілді. 
Р.Сейтметов атындағы Түркістан театрының актері Айдар Наурызбаев пен Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі Бекзат Жүнісов Әл-Фарабидің әртүрлі жастағы рөлін сомдады. Фильмнің продюсері - Батырхан Дәуренбеков.
Екі сериалдың түсірілімін "Қазақстан"ұлттық корпорациясы қаржыландырды.
"Абай" телесериалы "Qazaqstan" арнасында 16-17 желтоқсан күні сағат 20:00-де, "Әл - Фараби" - 18-20 желтоқсан күні сағат 16:00-де көрсетіледі. Сонымен қатар сериал ұлттық арнаның YouTube және Facebook-тағы ресми парақшаларында көрсетіледі.
15 желтоқсан 2020 ж. 926 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 813

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930