» » » Өнерлі жігіт өрде озар

Өнерлі жігіт өрде озар

Шер аға айтқандай «Таланттылар – раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады». Иә, бойдағы қанға жүрген қасиет, дарыған талантқа қанат бітіретін де – сенім. Ал сенімі нық таланттар талай бәйгеде топ жарып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген жайы бар. Біз жазғалы отырған кейіпкер осыған дәлел.
Бірде аудандық мәдениет үйінде «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Қолымызда қалам мен қойын дәптер. Бір ыйықта фотоаппарат. Уақытында келген сияқтымыз. Алдыңғы қатардағы «жақсы көрінетін» орындардың біріне жайғастық. Уақыт ұзаққа созылмай біз күткен байқау да басталды. Жан-жақтан жиналған «Жігіттердің төресімін» деген жас жалындар бірінен соң бірі өнер көрсете бастады. Әуеннің ырғағымен баяулата әуелеткен жігіт ерекше көзге түсті. Әуез мектебінің қызметкері екен. Бойындағы бар өнерін паш еткен жанмен де әңгімелесудің сәті түсті. Ә дегеннен әңгімені төгілтетін жігіт қойған сауалға ағынан жарыла тіл қатты.
Нұрсұлтан Қалиев  – 25 жаста. Киелі Қармақшының тумасы. №183 мектептен түлеп ұшқан соң арман қуып Ақтөбеге жол тартады. Мұнда ол  Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне музыкалық бөлім бойынша оқуға түседі. Білім ордасын тәмамдап, қазіргі таңда №121 мектепте шәкірт тәрбиелеуде. Негізгі ойнайтын аспабы – баян. Десе де, жігітке жеті өнер де аз демей ме? Нұрсұлтан негізгі аспаптан бөлек фортепиано, домбыра мен гитараның құлағында ойнайды. Ән сала шырқайтын да өнері бар.
Баянды қолға алғанда делебем қозып, айналаға қарайламайды екенмін. Ол рас. Бойыңдағы талант тас жарғанда арқаңның қалай қозғанын байқамай да қаласың. Мұндай қасиетті тұншықтырмау керек. Сенім мен жігер, талап қандай болса талант та соған иланады. Оны өсіру, одан әрі дамыту өз қолыңда. Талантыңның көзін аша білсең, талабың да оң болатыны сөзсіз. Мен таңдаған мамандығыма өкінбеймін. Керісінше қуанамын. Әр күн сайын нотамен бірге шырқап, нотаның сырын ашқанға не жетсің?!   дейді ол.
Айтпақшы, «Жігіттің жақсысы нағашыдан» дейді ғой. Нұрсұлтанның бойындағы өнері нағашысынан дарыған екен. Атасы түрлі аспапта ойнап, сол кездері ауылдық клуб үйінің басшысы болған. Бүгінде Нұрсұлтанның бағындырған белесі де аз емес. Түрлі байқаудан жүлдесіз қайтпаған. Шәкірттері де жас ұстаздан тәлім алып, талай додада топ жаруда. Осылайша бала күнінен ән мен күйге жақын өскен бала арманы бүгінде дүйім жұрттың қошеметіне бөленіп жүр.

Айнұр ӘЛИ
08 шілде 2020 ж. 1 927 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031