» » » Кемел жігіт көш бастар

Кемел жігіт көш бастар

ЖОСАЛЫ, 1 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Осындай тақырыппен К.Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен жігіт сұлтаны байқауы өтті. Ұлттық құндылықтармен бірге жас таланттарды анықтау мақсатындағы байқауда 8 сері бақ сынады.
   Жігіттердің өнері мен біліміне қорғаныс саласының ардагері Мұратбек Зүбәйраев, «Қармақшы таңы» газеті бас редакторының орынбасары Гүлжанат Дүзенова, аудандық мәдениет үйі жанындағы «Халық театрының» режиссері Мәди Маханбетов қазылық етті. 16 мен 25 жасқа дейінгі жігіттер арасындағы додаға қатысушылардың қатарынан жоғары сынып оқушылары мен жас мұғалімдер табылды. Өзін таныстырмақ ниетте сахнаға бірінші болып шыққан №99 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қайрат Ақтілеуовтің әдебиетке біртабан жақындығы сезілді. Себебі, бұл қатысушы спортты серік етумен қатар Абай өлеңдерінің біразын жатқа білетін, оны нақышына келтіріп мәнерлеп оқитын болып шықты. Екінші талапкер №121 орта мектептің 11 сынып оқушысы Еркебұлан Серіков. Оның жас айтыскер ақын екенін ұлттық киім мен қолына ұстаған үкілі домбырасынан, арқаланып, түйдек-түйдек төккен жыр шумағынан аңғару қиын емес. Сахнаға №250 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Ақсұңқар Айдынұлы көтерілгенде көрермен ерекше қошемет көрсетті. Өзін еркін ұстайтын ұл таныстыруын да, өз өнерін де мүдірмей орындап шықты. Келесі қатысушы Шерхан Кәрібаев – №109 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Сөз саптауы, жырды жүрекке жеткізуі тым ерек. Ажарлы келбетімен көп көңілін баурап алатындай. Сайысқа түскен №30 орта мектептің 10 сынып оқушысы Ерасыл Штабаев қарсыластарынан осал емес. Жігітке тән рух пен жігер бар бойында. №273 мектептің математика пәні мұғалімі Нұрбол Хамитовтың өнеріне жұртшылық расымен тәнті болды. Таныстыруын мұғалім болған соң сағаттың тілімен байланыстырды. Ұстаздың мұндай тапқырлығына көрермен таңдай қақты. Ал математик өз өнерінде көрерменнің қатысуымен 5 таңбалы сандарды қосу арқылы сол күнгі «21022020» деген датаны шығарып, тағы қайран қалдырды. №269 мектептің 9 сынып оқушысы Сабыржан Сағидолла спортты сүйетінін, белбеулі сайыстарда бағы жанғанын, №29 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Маралбек Мүсілімов салмақты, жеті рет өлшеп бір рет кесетін аңғарымпаз азамат екенін байқатты.
   Таныстыру, өз өнері, сұраққа жауап беру кезеңдері бойынша сынға түскен жігіттер арасында «Жігіттің сұлтанын» анықтау оңайға түспеді. Сол себепті әділқазылар тарапынан қосымша тапсырма берілді. Мұнан да сүрінбей өткен Маралбек Мүсілімов «Сері жігіт», Сабыржан Сағидолла «Шымыр жігіт», Ерасыл Штабаев «Көрермен көзайымы», Еркебұлан Серіков «Парасатты жігіт», Қайрат Ақтілеуов «Сырбаз жігіт», Ақсұңқар Айдынұлы «Өнерлі жігіт», Нұрбол Хамитов «Ақылды жігіт» номинациясын еншілесе, «Жігіттің сұлтанына» Шерхан Кәрібаев лайық деп танылды.
   Жеңімпаз жігіттердің бәріне мақтау қағазы мен арнайы сыйлық табысталды.

«Қт» ақпарат

01 наурыз 2020 ж. 1 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031