» » Абай мұрасы - халық ұлағаты

Абай мұрасы - халық ұлағаты

ЖОСАЛЫ, 27 ақпан – qarmaqshy-tany.kz К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты - жас ұрпаққа Абай өлеңдерін және қара сөздері мен поэмаларын терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.
Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы 3 кезеңге қамтылды:
Бірінші кезең – «Білімдімен шыққан сөз...» /Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа айту/.
Екінші кезең – «Өлеңге әркімнің де бар таласы...» /Абай Құнанбайұлына арналған арнауын жатқа оқу/.
Үшінші кезең – «Әсем әнмен жыр тербеп...» /Абай Құнанбайұлының әндері мен жырларын Сыр сүлейлерінің мақам-саздарына салып орындау/.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, бірінші кезең нәтижесі бойынша ІІІ орынды – Тасбергенов Қуаныш /№183 мектептің оқушысы/, ІІ орынды – Алдамжарова Мерей /№277 мектептің оқушысы/ иеленсе, ал І орынды – Бижан Іңкәр /№29 мектептің оқушысы/ жеңіп алды.
Екінші кезең нәтижесі бойынша ІІІ орынды – Тоқтар Жанель /№274 мектептің оқушысы/, ІІ орынды – Серіков Еркебұлан /№121 мектептің оқушысы/ иеленсе, ал І орынды – Бақбергенова Ақерке /№106 мектептің оқушысы/ жеңіп алды.
Үшінші кезең нәтижесі бойынша ІІІ орынды – Төлегенов Диас /№80 мектептің оқушысы/, ІІ орынды – Амантай Айдана /№121 мектептің оқушысы/ иеленсе, ал І орынды – Оралбекұлы Айбол /№273 мектептің оқушысы/ жеңіп алып, Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерсұлтанов Еркінбек Бөрібайұлының алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
27 ақпан 2020 ж. 1 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 112
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 311

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031