» » » Талант - табиғаттан

Талант - табиғаттан

ЖОСАЛЫ, 17 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Талантты жандар жайында ой толғамаған адам кемде-кем шығар, сірә?! Бойындағы талантын талабымен демеуге табандылық таныта алмай жүргендері де қаншама. Шынайы талант тасты да жарып шығады. Оған дәлел біз жазғалы отырған кейіпкер.
Бірде апамның үйіне қонаққа бардым. Анау-мынау емес, үлкен қылып дастарқан жайыпты. Бір емес, қос қуанышты тойлады. Газет шығатын күні уақытпен санаспай жұмыс істейтінімізді бірі білсе, бірі біле бермейді. Тойды да осы күнге қойып қойғанын қараңызшы. Содан не керек, шаршаңқы көңілмен сүйретіліп әрең келдім. «Тойға барсаң бұрын бар, бұрын барсаң орын бар» дегеннің кері келді. Есік жақтан бұйырған бір орынға жайғастым. У-шу. Жан-жақта қауқылдасып айтылған әңгіме, арқа-жарқа отырыс. Кенет артқы жақтан «ә» дегеннен әуелете ән шырқап асаба жігіт кіріп келді. Қолында аккордеон. Майысқан саусағы ноталарды басқан сайын көз ілестірмейді. Дауысының өзі құдды бойға дем бергендей. Еріксіз иық шіркін әуенмен теңселіп барады. Шаршамайды. Кеш соңына дейін ойын ойнатып, қонақтарды билетіп, әзілімен қатар өнерін паш етті. Әне-міне дегенше келген жұрт та тарқасты. Астан дәм татуға иланған жігіт мен отырған қатарға жайғасты. Осы сәтте ақжарқын жан әңгіменің тінін тарқатып, таныс адамдай сөйлесе кетті.
– Ауылдың жігітімін ғой. Ақтөбедегі №109 мектепті бітіре сала Қызылорда қаласындағы «Қазанғап» атындағы музыкалық колледжге оқуға түстім. Үшінші курстан кейін сабаққа бармай қалғанмын. Колледждегі ұстаздарым «Әскерге бар, болмаса оқудан шық» деп талап қойды. Содан не керек, әскерге барып, Отан алдындағы борышымды өтеп келдім. Енді оқуымды қайта жалғастырайын десем өзім «93», топтастарым «98, 97 жылғылар» екен. Намыстандым. Ауылда кетпен ұстап жүрген ағаларым бар ғой, неге қайтпасқа деп оқуды тастап, туған жеріме келдім. Кетпен дегенің жеңіл сияқты көрінді. Үш жылдай ауылда жүріп күріш ектім. Бірақ бойымдағы тұншыққан талантым сыртқа шығамын деп шарқ ұрды. Ақыры «Болашақ» университетіне музыка пәнінің мамандығы бойынша оқуға түстім. Қазір №109 мектепте мамандығым бойынша қызметте жүрмін. Туған-туыстың қуанышында қолқа салған соң осылай асабалық етемін. Етпеске қоймайды. Бойдағы талантты жасырып қала алмайды екенсің. Таланттың тас жаратынын осыдан-ақ аңғаруға болады, – дейді Нұрбайбіт Әбдіраманов.
Бір қызығы оның бойындағы талант ата-анасында жоқ. Жақындарының арасында домбыра да, баян да тартатыны кезікпейді. «Жігіттің жақсысы нағашыдан» демекші Нұрбейбіттің түп нағашысы, арғы аталарының бірі Молдахмет жыраудан дарыған деген сенімі бар. Әрине, бала күнінен ән мен күйге жақын өскен бала арманы қиындықты еңсеріп, бүгінде дүйім жұрттың қошеметіне бөленіп жүр.
Айнұр ӘЛИ




17 наурыз 2020 ж. 1 986 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031