» » КӨШЕ КЕЗГЕН АТТАРДЫҢ ЕЛЕСІ (Қазалыда болған оқиға)

КӨШЕ КЕЗГЕН АТТАРДЫҢ ЕЛЕСІ (Қазалыда болған оқиға)

Кезінде бір кісінің оқиғасын тыңдап жағамды ұстағам. Анша-мұншаға сене бермейтінмін. Негізі өзім осы ауылдан бірнеше шақырымда орналасқан Қазалының қызымын. Яки, Қызылорда облысындағы кәсіпкерлігі дамыған, қонақжай, екінші Түркістан болған шағын шаһар. Аудан екіге бөлінеді. Бірі – Әйтеке би кенті болса, екіншісі – Қазалы қаласы. Кейбіріне «город» деген атаумен есте қалған.
Сол «городтан» кентке жету үшін екі ортада шамамен 20 минуттай уақыт кетеді. Жаяулатсаң 1 сағаттан асады. Ал екі ортада Жаңқожа батырдың кесенесі тұр. Бұл жерден өткенде мәшинені баяулатып, музыканы бәсеңдетесің. Себебі, түрлі жол апаты орын алған. Әлгінде айтқан кісі сол кездері аварияға түсіпті. Оған себеп түнделетіп осы жолдың бойымен келе жатқан екен. Алдынан аппақ киген қыздың бейнесі қолын созып тоқтатады. Жақындаған сайын қыз алыстай түсіпті-мыс. Содан не керек әлгі бейне жүріп келе жатқан мәшиненің алдынан шықса керек. Басып кетпейін деген оймен рульді солға бұра салғаны сол екен жолдан шығып, төңкеріліп қалыпты. Осы оқиғаны естігенде онша мән бермедім. Мүмкін жастық шақтың жалыны шығар. Туған күнім болды. Жиырмасыншы көктемім еді. Сол кездегі Қазалыда дүркіреп тұрған «Рау-Илья» кафесінен шықтық. Сыныптастар жиналған. Арқа-жарқа әңгіме. Содан не керек түн болғасын такси городқа онша қатынай бермейтін. Арамыздағы белсендісі «давай жаяу қайтайық, закатты да күтеміз» деп ой салды. Барлығымыз да келісе кеттік. Ол кезде жарық бола бермейді ғой. Мәшинелер де аз. Ұзын жол. Тас қараңғы. Мана айтқан Жаңқожа батырдың да кесенесінің алдынан өтіп барамыз. Бірі қорқынышты әңгіме айтты да көңілімізге су септі. Қорқыныш басым. Әлгінде айтқан елес қыздар көрінеме деп тағы қорқамыз. Әр сыныпта бір күлдіргіш болады ғой. Сол көңілімізді көтеріп, қатты күлдіртті. Мүмкін даланы түнде шулаттық па білмедім. Жаңағы кесене жақтан кісінеген аттардың даусы естілді. Тағасының да тарсылы қатты естіледі. Бірақ ол жақта трасса жоқ, құм тұғын. Мән бермедік. Күлдік. Ойнадық. Бір кезде алдымыздан оң қапталдан аппақ-аппақ, жанып тұрған 5-6 ат қатты кісінеп, алдымыздан шауып өтті. Ышқынып жүр. Ана бейнеге қарап «шок» болдық. Өте әдемі, ірі, жалыны үлбіреп жүр. Аң-таң боп біра-а-а-аз тұрдық. Әрірек жүріп жоқ болып кетті. Осы оқиға әлі күнге дейін есімде қалыпты. Кейде иесі босатып жіберген аттар шығар деп те ойладық. Бірақ түн жарымда бірнешеуі жүруі мүмкін емес қой. Барлық аттың түсі де ақ. Мүмкін әлгінде кей жұртшылық айтып жүрген елестер бар шығар. Оқырман, сеніміңізді өз еншіңізге қалдырдық.

Ая ӘЛИ.
28 ақпан 2019 ж. 4 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031