» » » Мәдениет саласының мәні жоғары

Мәдениет саласының мәні жоғары


Қай кезеңде де қай елде болмасын мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы. Мәдениеттің өсуі – елдің өсуі, ұлттың өсуі. Тәуелсіздігіне тәубе етіп, Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан халқымыздың рухани бай дүниесінің өлшемі мен өресі де осы мәдениет пен өнер шоқтығында жатыр.

Өркениетке қол созған еліміз үшін экономикалық өсіммен қатар елдің рухани бай құндылықтарын да дамыту мәселесі қолға алынды. Заманауи жабдықталған мәдениет ошақтары салынып, ел игілігіне берілді, түрлі бағдарлама негізінде елдің мәдени білімін тереңдету, ең бастысы ел дамуы үшін мәдениеттің де озық деңгейде дамуы қарастырылды. Өнер мен мәдениет егіз ұғым. Бір-бірінсіз жетімсіреп тұратындай. Мәдениеттің мәйегі өнер арқылы дәріптеліп, халықтың құлағына жетіп жатады. Осы орайда, төскейінде берекенің қазаны қайнаған, босағасына бақ пен береке ұялаған, ақындық пен жыраулықтың ақ бесігі саналған қасиетті Қармақшы жерінде де мәдениет пен өнерді дамыту саласында атқарылып жатқан игі істер – ұлттық дәстүрді дамыту, өнер мен мәдениеттің өмірмен өзектестігін бағамдау, өнерді өнеге тұтқан елдің рухани дүниесін байыту мақсаттарын көздейді.
Ауданда мәдениет саласы бойынша 1 аудандық, 1 ауылдық мәдениет үйі, 13 ауылдық клуб үйі, 1 жыраулар үйі, 18 кітапхана, барлығы 34 мекеме мәдени – ағартушылық бағытта жұмыс істейді.
Қармақшы аудандық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында 2020 жылдың 4 айында 269 мәдени іс-шара өткізілсе оған 27027 көрермен тартылған.
Аудан бойынша мәдениет ұйымдарында барлығы 96 үйірме жұмыс істейді. Оның ішінде 90 үйірме аудандық мәдениет үйлері мен клубтарына қараса, 6-ы аудандық жыраулар үйіне қарасты үйірмелер.
Жыраулар үйіне қарасты 6 үйірмеге барлығы 100 мүше тартылған. Үйірмелердің «Базар жырау» үйірмесі, «Көшеней жырау» үйірмесі, «Қорқыт» қобыз үйірмесі кент орталығында, «Тасберген жырау» және «Жиенбай жырау» үйірмесі Тұрмағамбет ауылында, «Рүстембек жырау» үйірмесі Ақжар ауылында жұмыс істеуде.
Аудан әкімдігінің қолдауымен өнер сүйер қауымның зор ықыласымен түрлі бағыттағы мәдени шаралар, өнер байқаулары, жаңа жобалар ел назарына ұсынылуда.
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мәдениет саласының тақырыптық челленджімен басталған жыл аудан өнерпаздарының толағай табыстарымен жалғасып келеді.
Халық театры «Алғашқы махаббат» пьесасын ұсынып, халыққа ерекше көңіл-күй сыйлады. 11 наурыз күні Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Сыр елі бүлдіршіндері мен жасөспірімдерінің шығармашылығына арналған ХХІІ облыстық «Бозторғай» конкурсының аудандық іріктеу туры өткізіліп, конкурста 200 ге жуық өнерпаздар өзара бақ сынасты.
Елімізде орын алған төтенше жағдайга байланысты 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап барлық мәдениет мекемелері онлайн режимге көшіп, жүйелі жұмыстар атқаруда.
Қармақшы аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клуб, мәдениет мекемелерінің жұмысы біріктіріліп, аудандық мәдениет үйінің Facebook парақшасында түрлі бағытта халықтың мәдени тынығуын қамтамасыз ету мақсатында «Бестің шәйі» рухани-танымдық бағдарламасы, «Ел іші – өнер кеніші» айдарымен ауыл өнерпаздарының онлайн-концерттері, «Домбыра – дәурен сөйлесін» айдарымен жыршы-жыраулармен, күйшілердің шашуы, жырау Ш.Төлепованың 90 жылдығы аясында «Жыр ауаның жұпары» айдарында елімізге белгілі жыршы-жырау қыз-келіншектердің республикалық жыр фестивалі, «Үйірме – өнер бастауы» айдары бойынша аптасына екі рет үйірме жетекшілерінің шеберлік сағаттары, «Өлең – сөздің патшасы» айдарымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Абай өлеңдерінің шеруі, «Поэзия менің жүрегімде» айдары бойынша кент, ауыл өнерпаздарының поэзия сағаты, «Әжелер салған ән қандай» айдарымен «Әжелер» ансамблінің ән-шашуы, «Қармақшы – өнер ордасы» айдарымен аудан өнерпаздарының онлайн концерті, «Таңғы тілек» аудан ардагерлерінің таңғы тілегі күнделікті ұсынылса, «Жыр керуені» жобасымен «Сүлейлер салған ізбенен..» айдарымен Жыраулар үйінің орынбасары Бидас Үрістембековтің, үйірме жетекшілері Б.Бедебаевтың, А.Ешбаеваның, А.Азаматовтың Р.Өтегеновтің тікелей эфирде онлайн концерттері берілсе, Базар жырау Оңдасұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Жамиғы қазақ бір туған» атты республикаға танымал облыстық жыршы-жыраулардың жыр концерті көрермендердің көңілінен шығып, жақсы бағасын алды. Алдағы уақытта Тұрмағамбет Ізтілеуовтің ұлы шығармасы Шаһнама жырын насихаттауда «Шұғыла шашқан Шаһнама» атты жыршы-жыраулардың жыр фестивалі, Ақын жырау Мұзарап Жүсіповтің 115 жылдығына арналған «Алтын көпір болған – Мұзарап ақын» облыстық ақындар мүшәйрасы жоспарланып отыр.
Сонымен қатар 1 республикалық, 2 облыстық, 4 аудандық онлайн байқаулар жарияланды. «Сүлейлер мұрасы – халық ұлағаты» айдарымен Сыр сүлейлері, ақын-жыраулардың жайлы мағлұматтар кеңінен жарияланды.
Жырау Ш.Төлепованың 90 жылдығы аясында «Жыр ауаның жұпары» атты республикалық жыр фестивалі жарияланып, фестивальге елімізге белгілі жыршы-жарау, дәстүрлі әншілер Айгүл Қосанова, Бағлан Бәбіжан, жырау Елмұра Жаңабергенова, Феруза Нарман, Сәуле Жанпейісова, Мариям Кетебай сынды жыршы-жыраулар жыр-шашуын жолдады.
Сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылып, әлеуметтік желі оқырмандарына керемет көңіл-күй сыйлады.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында «Бейбітшілік әлемі» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Үкілі үміт» атты балалар шығармашылығына арналған халықаралық өнер фестиваліне Ақжар ауылдық клуб үйінің өнерпаздары Бақдәулет Санақбаев бас жүлде, Жанерке Әділбекова мен Ержігіт Бекарыс жүлделі І орынға ие болды.
«ҮКІЛІ ҮМІТ» атты әдебиет және өнер фестиваліне Алдашбай ауылдық клуб үйінің «көркемсөз» үйірмесінің мүшесі Шапағат Кәрімбердиева қатысып, бас жүлдемен марапатталса, «Жарқын» республикалық ғылыми-ақпараттық танымдық тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Jarqуn Jolу» байқауына қатысқан Жасмин Тоқшылықова І орынмен және «Көркемсөз» үйірмесінің мүшесі Нұршат Сматілдаева алғыс хатпен марапатталды.
Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор.
Қазіргі таңда аудан көлемінде 85 тарихи-мәдени мұра объектілері мемлекет қорғауына алынған. Олардың 6-ы республикалық, 43-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер. Ал 36 нысан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала тізіміне енгізілген.
Археологиялық ескерткіштер – 43, сәулет және қала құрылысы ескерткіштері – 42.
Тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау және таныту мақсатында Алтын орданың 750 жылдығына орай «Қорқыт ата ескерткіші және Ұлы дала өркениеті» тақырыбында жастармен тарихи-танымдық көрме ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, әлеуметтік желіден «Мұнаралардың тарихи маңыздылығы», «Сырға толы Сырлытам», «Тықы батыр кесенесінің салыну тарихы» атты онлайн лекция сағаттары жүргізіліп, көрермен ықыласына бөленді.
Биылғы жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы отан соғысы құрбандары мен майдангерлеріне арналған ескерткіштерге абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, олар туралы тарихи-танымдық ақпараттық публицистикалық мақалалар және онлайн лекция сағаттары ұйымдастырылды.
Аудан, ауыл тұрғындарына мемлекеттік жүйедегі 18 кітапхана кітапханалық қызмет көрсетеді. Олар: 1-орталық, 1-аудандық балалар, 1- қалалық, 1-кент кітапханасы, 14-кітапхана ауылдық жерлерде орналасқан. Оның үшеуі модельдік ауылдық кітапханалар. /Ақай, Дүр Оңғар,Тұрмағамбет/ Екі онлайн орталығы /ІІІ-Интернационал, Төретам/ Екі мультимедиялық – модельдік орталық /Ақай, Дүр Оңғар/ 18 коворкинг орталығы.
2020 жылдың 5 айында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 431339 дана кітап қоры мен баспасөз басылымдарын 6862 оқырман пайдаланды. Жалпы келушілер саны - 42307. Берілген кітап саны - 98022 дананы құрады. Келіп түскен жаңа кітап саны – 669. Оқырмандар арасында 133 іс-шара және 192 онлайн іс-шара өткізілді. Түрлі тақырыптарда 245 кітап көрмелері ұйымдастырылып, олардың назарына ұсынылды.
Ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай мұрасы» айдарымен аудандық кітапханада ашылған «Абай залы» жақсылардың бас қосып, жастарымыздың тағылым алар құтты орнына айналғаны қуантады.
Онлайн форматта кітапханаларда өткізілген «Туған өлкем», «Мен Жеңісті жырлаймын», «Есте сақтаймыз, жылдар, ғасыр ұмытпаймыз», «Ертегімен өсеміз» жобалары бойынша жүргізілген жұмыстар оқырмандар тарапынан кең қолдау тапты.
2020 жылы «Жұмыспен қамту 2020-2021 жол картасы» бағдарламасы аясында аудандық балалар кітапханасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 17331,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жүргізілген жұмыстардың игі нәтижесі ретінде 24 KZ республикалық телеарнасынан «Ауылдан әлемге ән жолдаған» айдарымен аудан өнерпаздарының челленджі, «Қазақстан - Қызылорда» телеарнасынан «Бірлігі жарасқан» тақырыбында ІІІ Интернационал ауылы тұрғындарының мерекелік челленджі және аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының «Жеңіске құрмет!» тақырыбындағы спектакль – концерті облыс жұртшылығына ұсынылды.
Сонымен қатар биылғы жылы ауданымыздағы 18 кітапханада аудан әкімдігінің қолдауымен және «Туған жерге тағзым» акциясы аясында демеуші азаматтардың көмегімен толықтай «Goworkinq» орталығының ашылуы осы саладағы жемісті жұмыстарымыздың бірі. Осы ретте мәдениет саласының дамуына, жан-жақты қызмет жасауына қолдау көрсетіп келе жатқан аудан әкімдігіне, өнер сүйер ағайынға барша мәдениет саласы қызметкерлері атынан зор алғысымды білдіремін!

Нұршат НАУРЫЗБАЕВА,
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
19 мамыр 2020 ж. 4 983 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930