» » » Өнер отын маздатқан Мәденовалар

Өнер отын маздатқан Мәденовалар

Қазақ халқының асыл мұрасының бірі – күй. Ежелден бері келе жатқан бай өнеріміз. Егер бізде күй немесе домбыра болмайтын болса – қазақ та болмайтын секілді. Әлемге өзіміздің қазақ екенімізді сол арқылы дәлелдейміз. Екі шекті домбыра үлкен шығармаларды ойнап көрсеткенде «осындай аспаптан қалай небір шығармалар шығып тұр» деп бүкіл шетелдің халқы ұлттық өнерімізге таңқалған деседі. Осындай дәстүрлі өнерді өміршең етіп, ұрпақ бойына сіңіріп келе жатқан ұстаздарымыз аз емес. Ұлттық өнердің отын маздатып, күй құдіретін танытып жүрген әпкелі-сіңлілі Мәденовалар редакцияда қонақта.
Күйші Мәдено­валар­дың үлкені Бағдагүл Әмитқызы 4 сыныптан-ақ ұлттық аспапты жанына серік еткен. 1974 жылы әуез мектебінің табалдырығын аттаған ол осындағы мектеп директоры Қаппар Сәденовтің талантты шәкіртінің бірі болған. Оның мұнан соңғы өнер жолы әуелі Қызылордадағы музыкалық колледжде, одан кейін Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясында жалғасын тапты. Мамандығын жетік меңгерген маман Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Музыка» факуль­тетіне жолданады. Әйткенмен, оқу орнында бір жыл жұмыс істеп, от­басылық жағдайына байланысты туған ауылына келуіне тура келеді. Міне 1996 жылдан бастап бүгінге дейін Т.Салқынбайұлы атындағы музыка мектебінде шәкірттерді күй өнеріне баулуда. Ұстаздық еткен жиырма жеті жылдың он жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқаруда.
Кәсіби маманның айтуынша домбыра сабағын бастаудан бұрын балаларға ұлттық аспаптың тарихымен таныстырған дұрыс.
– Домбыраның тарихы мен құ­рылысы сонау 4-5 ғасырдан бас­талады. Археологтардың мәліме­тіне сүйенсек, сол дәуірдегі ескерт­кіштерде адамның сұлбасымен қа­тар домбыраның суреті қашалған қазбалар кездескен. Ол заманғы аспапты қазіргімен салыстыруға келмес. Дегенмен нобайын келтіріп, малдың шегін салып тарта берген. Уақыт өте келе әртүрлі ағаштан дыбыс қалай шығады, соған сай бейімдей бастайды. Бүгінде ең жоғары дыбыс шығаратын жақсы домбыра жаңғақтың ағашынан жасалуда. Ол үшін шеберлер жаң­ғақтың ағашын жылдап кептіреді. Ол ағаштан дыбыс ерекше шығады, – дейді күйші.
– Жұмыс істеген соң артыңда ізбасар қалғанын қалайсың. «Ұстаздан шәкірт озар» деп, өзімнің шәкірттерімнің алды Гүлмира Пірмаханова Алматы Мемлекеттік Консерваториясын бітіріп, Нұр-Сұлтан қаласында Президент оркестрі «Нұр-Сұлтан» фольклорлық ансамблінде. Индира Бәйменова Байқоңырда музыка мектебінде мұғалім. Былтыр екі оқушым Мадияр Жасаңбаев пен Мөлдір Асылбекова Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің «Домбыра» мамандығы бойынша оқуға түсті. Екеуі де ха­лықаралық, республикалық бай­қаулардың жүлдегері. Қазіргі шәкіртім Айым Жалғастың да талабы таудай. Сіңілім Жұлдызай төрт сынып оқытып, бесінші жылы маған келді. Былтырдың өзінде бұл бала «Қазақстан үміті» халықаралық байқауының бас жүлдесін ұтты. Қайсар Қарабдинов те бірқатар до­далы сайыстардың жеңімпазы. Осы оқушыларымнан өнерімді жал­ғасырады деп үміт күтемін, – дейді Б.Мәденова.
Айта кетерлігі – домбыраның балаға деген тәрбиелік мәні өте зор. Өйткені, өнер жолына түскен баладан тек жақсылық күтесің. Ұлттық өнерді таңдаса тіпті керемет. Өнерге қызыққан баланың тәрбиесі бөлек болады. Елдің алдына шыққанда өзін қалай ұстау керегін үйренеді. Сөйлеу мәдениетіне мән береді. Жүрісі мен тұрысы, отырысына дейін жұмыс істеледі. Ұстаздың сөзінше, музыка мектебіне көбіне-көп үздік оқушы келеді. Себебі екі жақты бірдей алып жүру оңай шаруадан емес. Ондай бала көшеге еріксіз шықпайды. Уақыты жоқ. Орта мектепке барады, одан кейін музыка мектебіне келіп домбыраға дайындалады. Әрмен қарай да түнімен дайындықта болуы керек. Әсіресе республикалық дәрежедегі жарыстарға қатысып жүрген шәкірттердің уақыты қат. Ұстаз олармен күніне алты сағатқа дейін жұмыс істейді. Кейде мектептегі мұғалімдер: «Апай, бұл балалар бізге де керек. Бізде де үлгірімді оқушылар. Басқа да іс-шараға қатысатын балаларымыз. Сондықтан көп ұстамасаңыз» деген өтініш те айтатын көрінеді. Шынында толыққанды дайындыққа бір-екі сағат аздық еткендей. «Байқау алдында үш сағаттың өзі жеткіліксіз. Былтыр оқуға түсетін оқушыларымды үйден дайындадым. Арасы сәл үзілсе домбыраға қол жүрмей қалады. Колледжге түсерде олардың басы-қасында болып, емтихан кезінде бірге жүрдім. Бұл – оқушы мен ата-ананың, сондай-ақ менің де абыройым» дейді ол.
Отбасында қыздан үлкені Бағдагүл болса, кенжесі Жұлдызай. Ол да әуез мектебінің мұғалімі. Бір шаңырақтан қос күйшінің шығуы бекер емес.
– Өнер нағашыдан дарыған. Анамыздың ән айтатыны бар. Бәлкім біздің мәдениет саласына келуіміздің басты себебі осында жатқан болар. Әуез мектебінің «Домбыра» сыныбын бітіргенмін. Қоблан Бәйділдаев ағайдан дәріс алдым. Өнер колледжін және Мұхтар Әуезов атындағы Өнер университетін тәмамдағанмын. Еңбек жолымды аудандық мә­дениет үйінде концерт жүргізуші, ұйымдастыру жұмысынан бастап, сонда он бір жыл қызмет еттім. Әуез мектебіне келгеніме де он бір жыл. Шәкірт тәрбиелегенді жаным сүйеді. Ұстаз болу – арманым болған. Мамандығымды құрмет тұтамын. Әуеліде балаға оқу бағдарламасына сай «Кеңес» «Қосалқа» күйін үйретеміз. Одан әрі қазақтың мықты ком­по­зиторларының репертуарына түсеміз, – дейді Жұлдызай Әмит­қызы.
Жұлдызайдың саладағы жетістігі же­терлік. Мұхаммед Сәбитұлы мен Нұрасыл Серік талай мәрте өнер додасында Сыр елінің намысын қорғаса, Айсұлу Көбекованың жастығына қарамастан өнерге деген талпынысы ерекше.
Сабақ беруден бөлек, Мә­де­новалар әуез мектебінің ұлт аспаптар оркестрінің белді мүшесі. Айтулы өнер ордасында екі жылдан бері балалар оркестрі ашылып жұмыс істесе, оны елімізге белгілі өнер иесі, әуесқой композитор Жарқынбек Тұрымбетов басқарады. «Оркестр шәкірттеріміздің техникасының артуына септігін тигізуде. Сол секілді өнер ұжымы да жылдан-жылға жас маманмен толыға түсуде» дейді ұстаздар.
Бағдагүл мен Жұлдызайдың жеке күй қорында Құрманғазы, Дәу­­леткерей, Сүгірдің, сондай-ақ Динаның «Науысқы», Нұр­ғиса Ті­лендиевтің «Әлқисса», Қар­шыға Ахмедияровтың «Алтын ұя», сырбойылық Құрақтың Дос­жанының «Қыпың», аралдық Мұрат Сыдықовтың «Мұраттың төкпесі», тағы басқа да елуге жуық күй бар.
– Біздің мақсатымыз – шәкірт тәрбиелеу. Қазір баланың дені компьютерге кетіп қалған. Заманауи болған дұрыс шығар. Бірақ қазақтың дәстүрлі өнері ол мәңгілік. Жас ұрпақ осыны түсінсе дейміз. Кез келген қазақтың қарадомалағы ат пен домбыраның құлағында ойнай білуі тиіс. Ауданда күй насихатталуы керек. «Жыраулар керуені» секілді күйшілердің де керуенін неге ұйымдастырмасқа. Домбыраға негізінен қазақы тәрбие алған, жүрегінде иманы бар, көпбалалы отбасынан шыққан балалар келеді. Күйді дәріптегенде ғана қазақ баласының түсінігі жоғары болады. Тәртіпсіз бала шықпайды, – дейді әпкелі-сіңлілі Мәденовалар.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
27 тамыз 2019 ж. 1 625 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 72
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031