Домбыра сабақтарын мектептерге енгізу қажет - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу қажеті дұрыс бастама екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. - Құрметт отандастар, құрметті қауым! Ең алдымен баршаңызды үлкен бірегей мерекемен, Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мейрамды ұлттық руханиятты ел, зор құрмет, баршамызға ортақ құндылықты ұлықтау деп түсінуіміз керек. Тарихта халқымыздың өз салтымен дәстүрінен алшақтап, ажырап қалған сәттері болғаны жасырын емес. Алайда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген бастамасының арқасында бүгінде халқымыздың дәстүрлі өнерге деген шынайы ықыласы артып келеді. Ұлттық домбыра күні - соның айғағы. Бүкіл халқымыз осы шуақты мерекені айрықша қуанышпен тойлайды. Себебі қазақ пен домбыра егіз ұғым. Ақын Қадір ағамыз қасиетті домбырамызды нағыз қазақ деп жырлаған.
Күмбірлеген домбыраның үні, батырларымыз рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз бола беруі тиіс. Бүгін міне барша қауым болып, ұлттық аспаптар шыққан күйдің құдіреті деп қуатын сезіндік. "Сарыарқа", "Балбырауын", "Адай", "Әлқисса" күйлері ұлттық рухымызды көтеретін таңғажайып туындылар. Домбыраның пернесінен шыққан күйде халқымыздың терең тарихы бар. Біз атадан балаға аманат болған, асыл мұрамызды сақтап, қадір тұтуымыз қажет. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Нұрғисалар бастаған күйшілік дәстүрді еліміздің дарынды жастары жалғастырып келеді.
Ұлттық домбыра мерекесі жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге деген құрметін арттырады. Бұл Рухани жаңғыру жолының негізгі арқауы. Бүгінде ұлттық аспабымыз күллі әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналды. Бұл қазақтың қасиетті қара домбырасына берілген әділ баға.Өнер - ұлт келбеті дейді дана халқымы. Баршамызға ортақ құндылық, домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы - қайталанбас асыл дүние. Сондықтан мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу қажеті дұрыс бастама. Себебі қазіргі жаппай жаһандану уақытында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта беруіміз қажет.
Төл мәдениетімізге деген қамқорлық әрқашан мемлекеттік тарихшылар назарында болады. Біз қазақтың дәстүрлі әнін, күйін, елімізге ғана емес, әлем жұртшылыған танытып жүрген өнерпаздарымызға лайықты қолдау көрсете беруіміз керек. Олар халқымыздың ұлттық болмысын сақтау үшін, еңбек етіп жүрген өнер тарландары. Қадірлі қауым, Қазақстан ынтымағы жарасқан ұлт пен ұлыстардың мекені. Біздің елімізде түрлі халықтардың мәдениеті өсіп, өркендеуде.
Домбыра - бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра. Ұлттық руханиятымызды дәлелдейтін мереке, домбыраның мәртебесін биікке көтере берсін. Баршаңызға үлкен рақмет, аман болыңыздар құрметті ағайын!", - деді Мемлекет басшысы. Бүгін мереке құрметіне орай "Қазақ Елі" монументі алаңында концерт өтіп жатыр. Жас шектеулеріне қарамастан барлық ниет білдірушілер өнер көрсетеді. "Сарыарқа", "Адай", "Әлқиса", "Көңіл толқыны", "Балбырауын" және "Көреғұлы" күйлерін домбырада орындау міндетті шарт болды. Күйлерді жаппай орындаумен қатар, қонақтар үшін елордалық музыкалық мектептердің тәрбиеленушілері, "Жастар" театрының актерлері тарихи қойылым көрсетті, мереке аясында ақындар айтысы өтті. Былтыр Ұлттық домбыра күніне орай "Қазақ Елі" монументі алдындағы алаңда домбыра оркестрінде 2000-нан аса музыкант өнер көрсеткен еді.