» » » Әр үйге қауіпсіз тағам!

Әр үйге қауіпсіз тағам!

Халықты сапалы азық-түлік  өнімдерімен қамтамасыз ету-  қазіргі таңдағы басты өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Аурудың алдын-алу  және халық денсаулығын нығайту отандық денсаулық сақтау саласының басты бағыттағы жұмыстарының бірі және бұл бағыттағы мемлекеттік саясатты  жүзеге асырудағы негізгі шара-халықты қауіпсіз тағаммен тамақтануы болып табылады.Дұрыс тамақтанбау және тағам сапасының төмен болуы көптеген ішек аурулардың туындауына, соның ішінде бала тууының төмендеуіне, адамның өмір жасының қысқаруына, өлім-жітімнің көбеюіне әкеліп соғады. Ауыл шаруашылығында көкөністер мен бақша өнімдерін өсіруде әр түрлі химиялық заттардың кеңінен қолдануына байланысты, оның қауіпсіздігіне баса көңіл бөлуге тура келіп отыр. Қазіргі кезде Республикамыздың барлық облыс, аудандарында тағамдардың өнімділігін арттыру үшін қосатын химиялық заттардың уыттылығын, бұл заттардың адам ағзасында азық-түлік өнімдері арқылы түсуі нәтижесінде болатын әсеріне зерттеулер жүргізуде. Осы мақсатта «Әр үйге қауіпсіз тағам» атты тақырыпта Республикалық акция өткізу жарияланып, көкөністер мен тағам өнімдеріне зертханалық тексерулер жүргізіп, тұтынушыларға ол туралы хабардар ету шаралары жүргізілуде. Аудан аумағында азық-түліктерді сатып алуда негізгі орынға айналған орталық азық-түлік базарларында,дүкендерде  аталған шара қызу жүргізілуде.Тұрғындардың таза,қауіпсіз өнім тұтынуы басты мәселе болып табыладыЕгер объектіде сатушы санитарлық талаптарды, тазалықты сақтамағандығын байқаса, өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін кепілдеме бере алмаса көшеде, аулада, тас жолдардың бойынан, сондай-ақ дүңгіршектер мен шатырларда сатылып жатқан көкөніс пен жеміс-жидектерді алудың қажеті жоқ. Сатушыда медициналық тексеруден өткені туралы толық мәліметтерімен медициналық кітапшасы және таза санитарлық киімі болуы қажет. Тамаққа қолданар және жер алдында көкөністерді, жемістерді және көк шөптерді таза ағынды (қайнаған) суда жуу қажет. Өнімдерді көшеде сатып алуға болмайды, базарда жуылмаған жеміс-жидектерді және көкөністерді жеп көруге де болмайды.
Қауіпсіз тағам тұтыну әрбір адамның міндеті.Сол себепті кез-келген өнімді алғанда мұқият болайық! Өз денсаулығымыз өз қолымызда екенін ұмытпайық.

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК "ҰСО" ШЖҚ РМК
Қызылорда облысы бойынша филиалының
Қармақшы аудандық бөлімшесінің
Бактериологиялық зертхананың лаборанты: Г.Орынбаева
24 шілде 2019 ж. 1 884 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031