» » Қауіпсіз азық-түліктерді таңдайық!

Қауіпсіз азық-түліктерді таңдайық!

Қазіргі уақытта біз кейбір тағамдардың қауіптілігі туралы жиі естіп жатамыз. Алайда, бұндай тағамдардың денсаулыққа кері әсерін байқағанымызда ғана қауіпсіз жағына мән бере бастаймыз. Көп жағдайда адамдар денсаулыққа зиянды тағамдарды күнделікті тұтынып жататындарын және балаларын да тамақтандыратынын ескере бермейді. Сауатты тұтынушы сапалы және денсаулыққа зияны жоқ тағамдарды таңдайды.Өзіміздің денсаулығымызға пайдасы бар, құнарлы тағамдарды таңдай білу үшін, дастарханымызға келетін азық-түліктердің қалай жасалатынын, құрамында не бар екенін білгеніміз жөн. Көбіміз шұжықтың жасалуын, ішіндегі заттары туралы біліп жатамыз. Кейбір шұжықтарды тіпті азық ретінде қолдануға да келмейді. Алайда, барлық өндірушілер бірдей емес. Қандай тағам түрлерін қолданбау керек, сан түрлі тағам өнімдерінің ішінен пайдалысын қалай таңдап алуға болады? Күнделікті қолданатын тағам рационында денсаулығымызға кері әсер ететін тағамдық құндылығы күмәнді, пайдасыз «өлі» заттардың болмауына назар аударуымыз қажет. Бұндай заттар асқазанымызға алдамшы тойымдылық сезімін беріп, ішек құрылысымыздың микрофлорасын бұзады. Кейбір тағамдар артық каллория көзі болып табылады, сондай ақ ағзаға ешқандай пайда бермейді. Ал кейбір тағамдардың құрамында улы компоненттер, «жасырын» майлар болады. Е-951(аспартам) - қант алмастырушы және көптеген тағамдарға қосылатын дәм күшейткіш-Е 621 – (глуманат натрия) зиянды тағам қоспалары адам денсаулығына залал келтіреді. Осындай қоспалардың зиян екенін бірінші кезекте ата-аналар білу керек, өйткені бөтен қоспалары бар тағамдар балалардың жүйке жүйесіне әсер етіп, аллергиялық реакция тудырады.Сан алуан азық-түліктердің ішінен өзімізге пайдалы, дәрумендерге бай, құрамында жасанды бояғыштар мен канцерогенді заттары жоқ тағамды таңдау үшін тұтынушы таңдау жағынан сауатты болғаны дұрыс. Қандай да тағамды сатып алмас бұрын, сыртқы қорабына, сақталуына назар аударып, құрамдағы компоненттерімен танысып алу қажет. Сыртында жазылмаған жағдайда, сатушыдан ақпарат алуға болады. Кеден Одағының Техникалық регламентіннің 022/2011 «Азық-түліктердің сыртын таңбалауы туралы» бөлігіне сәйкес, сатушы Сізге тауар туралы толық, әрі нақты ақпаратты беруге міндетті. Бұндай ақпарат сіздің денсаулық жағдайыңызға тікелей байланысты болады. Сапалы азық – денсаулық кепілі екенін ұмытпайық!


Г.ЕРСЕЙТОВА,
ҚР ДСМ ҚДСК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының
Қармақшы аудандық бөлімшесінің санитарлық-гигиеналық зертхнасының зертханашысы.
29 қараша 2018 ж. 2 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031