» » Ұйықтауға кедергі келтіретін 6 азық-түлік

Ұйықтауға кедергі келтіретін 6 азық-түлік

Ұйықтауға кедергі келтіретін 6 азық-түлік
Түнімен аунақшып, таңертеңге дейін ұйықтай алмаған кездер болды ма? Ештеңе уайымдамаған сияқтысыз немесе қорқынышты фильм көрген жоқсыз... Ұйықтауға кедергі келтіретін азық-түліктер бар. Ендеше, оларға не жататынын қарастырайық.
1. Ащы тағам
Аустралиялық ғалымдар кешкі асқа ұсынылған ащы тұздықтар терең ұйқы уақытын бірден қысқартатынын анықтаған. Себебі дәмдеуіштер эндорфин деңгейін жоғарылатады, сол үшін ми бар күшімен жұмыс істей бастайды. Ащы тағам қыжылдың пайда болуына да себепкер болуы мүмкін.
2. Баялды (баклажан)
Ғалымдардың айтуынша, баялды ағзаға ынталандырушы ретінде әсер етеді. Себебі, олар тираминге бай. Ол үшін ми қоздырылған күйге келіп, мелатонин (ұйқы гормоны) тежеле бастайды.
3. Кофеині бар өнімдер
Шоколад, какао, шай, кола – бұл өнімдердің барлығын күннің бірінші жартысына ауыстырған жөн. Сонымен қатар, қабылдайтын дәрілеріңіздің нұсқамасын оқып алған дұрыс. Себебі кей дәрілердің (мысалы, цитрамон) құрамында кофеин мөлшері өте көп.
4. Қатты ірімшік
Бұл жерде де тираминнің мөлшері көп. Кешкілік чеддер, пармезан, зеңі бар және ащы сұрыпты ірімшіктерден аулақ болыңыз.
5. Алкоголь
Бірнеше бокал шарап тыныштандырып, ұйықтауға көмектеседі деп ойласаңыз, қателесесіз. Этил спирті – ми белсенділігін күшті ынталандырушы. Одан кейін ұйқы сергек және үзілмелі болып кетеді. Ағзаның терең ұйқыға батуы қиынға түскендіктен, демалыс толыққанды болмайды.
6. Бекон
Американдық Майо клиникасының мамандары беконды дұрыс ұйқыға кедергі келтіретін басты тағам деп атады. Оның құрамында терамин бар және ол ауыр, майлы тағамға жатады. Ондай тағам ас қорыту процесін іске қосып, ағзаға демалуға мүмкіндік бермейді.
02 маусым 2018 ж. 1 079 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 00:56
Nolvadex Generique п»їcialis Doxycycline Worldwide Cialis Professional Samples Propecia Complicaciones

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031