Су тасқыны мен су басу кезіндегі іс қимылдар
Құрметті аудан тұрғындары. Егер су басу немесе су тасқыны туралы хабарлама түскен жағдайда төменгі іс әрекеттер жасалуы тиіс:* Сабырлық сақтаңыз. Хабарламаны алғаннан кейін көршілеріңізді құлақтандырыңыз;
* Газды, суды және пештегі отты сөндіріңіз;
* Электр қоңдырғыларын электр жүйесінен ажыратыңыз;
* Судың деңгейі тез көтерілген жағдайда, тез арада қауіпсіз жерге барыңыз және өзіңізге көмектесетін барлық құралдарды қолданыңыз;
* Қайықтарды, салдарды, үрленетін матрастарды, бөшкелер, бөренелерді, тақтайларды, есіктерді, қашаның сынықтарын, автомобиль камераларын қолданыңыздар;
* Сыртқы киімдеріңізді жеңіл суға батпайтын (кішкене доптар, су кірмейтін жабық пластмасса ойыншықтар) заттармен толтырыңыз;
* Көп қабатты үйлердің тұрғындары бірінші қабаттан үстіңгі қабатқа көтеріліңіздер, өздеріңізбен бірге ең қажетті (жылы киімдер, азық-түлік, құжаттар, дәрілер, ақшалар) заттарды алыңыздар, ал бір қабатты үйдегі тұрғындар шатырдың үстіне немесе биік жерлерге шығыңыз;
* Азық-түліктеріңізді, ішетін су, дәрілер, құнды заттар, жылы киімдермен аяқ киімдеріңізді су тимейтін жерлерге, яғни судың деңгейіне қарай шатырға шығарыңыздар;
* Өздеріңізге қажет заттарыңызды: арқан, саты, белгі беретін құралдарыңызды жинап алыңыз;
* Жақын арадағы қауіпсіз биік жерді таңдап (ғимараттың үстінгі қабаты, шатыры, ағаштар) орналасыңыз және суда батпайтын құралдармен немесе өткел арқылы ұйымдастырылатын эвакуацияға дайын болыңыз;
* Өзіңізбен бірге тек қана ең қажет (алғашқы медициналық қобдиша, құжаттар, дәрілер) алыңыз;
* Үлкен кісілермен сырқат адамдарға көмек көрсетіңіз;
* Шамаларыңызға қарай үй малдарын қауіпсіздік жерге көшіріңіз;
* Үрейге салмай сабырлықты жоғалтпаңыз, құтқарушылар уақытында сізді тауып алғанға әрекет жасаңыз;
* Құтқарушылар келгенше немесе судың деңгейі түскенше ғимараттың үстінгі қабатында, шатырларда, ағашта басқа да биік жерлерде тұруларыңыз қажет;
* Құтқарушылар сіздерді тез тауып алу үшін жоғарғы жаққа ақ немесе әр түрлі-түсті маталарды іліп, жарық белгілермен белгі беріңіз;
* Жағдайдың қиындай түскен кезде өз-өздеріңізді су баспаған аумаққа көшіруіңіз үшін, суда сізді ұстап қалатын заттарды, қайықты немесе басқа да суда жүзетін заттарды қолданып, бірінші кезекте балаларды, әйелдерді, қарттарды және науқастарды көшіріңіз;
* Суда жүзетін құралдарға салмақ түсірмей, шыдамдықпен сабырлықты сақтаңыз;
* Мұқият болыңыз, құтқару қызметтерінің хабарламаларын қадағалаңыз.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің
бастығы азаматтық қорғау подполковнигі
Сақтабаев Өмірбек Жаңабайұлы
бастығы азаматтық қорғау подполковнигі
Сақтабаев Өмірбек Жаңабайұлы