» » » «Абай» операсы тұңғыш рет Италияда қойылады

«Абай» операсы тұңғыш рет Италияда қойылады

«Абай» операсы тұңғыш рет Италияда қойылады
Атақты сценограф Эцио Фриджерио мен костюм әзірлеуші Франка Скуарчапино операны көркемдеуге атсалысты. Италиялықтар Абайдың жұмыс орнынан алтын түсті орасан зор кітапхана, глобус көре алады. Соңғы көріністе 3D-технология пайдаланылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана Опера» театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап
«Астана Опера» театры Италияға гастрольдік сапармен барады. Ұжым 8 және 10 қараша күндері атақты генуялық «Карло Феличе» театрының сахнасында өнер көрсетеді. Көрерменнің назарына А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы, сонымен қатар Л.В.Бетховеннің №9 Симфониясы ұсынылады. Гастроль ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді.
Дирижерлік пульт басында - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының бас дирижері, әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаев.
«Абай» опералық спектаклінде басты партияны орындаушылар: Абай - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин, Жанат Шыбықбаев; Ажар - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, Айдар - халықаралық байқаулардың лауреаты Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Бекмұхамбетов; Әзім - Бейімбет Таңарықов, Рамзат Балакишиев; Жиренше - Евгений Чайников, Қазыбек Досмұхамбетов; Қарлығаш - халықаралық байқаулардың лауреаттары Татьяна Вицинская, Малика Минизини; Көкбай - Талғат Ғалеев, Ержан Саипов; Сырттан - Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян, Болат Есімханов; Нарымбет - Рамзат Балакишиев, Ерулан Кәмел; Мес - Шыңғыс Расылхан, Хайдар Мұстапин.
Қазіргі заманның атақты сценографы Эцио Фриджерио мен костюмдер бойынша суретші - «Оскар» сыйлығының лауреаты Франка Скуарчапиноның керемет үйлескен шығармашылық жұбының операны жасау бойынша атқарған жұмысына көрерменнің бей-жай қалмайтыны анық. Бірегей сценография ақынның ішкі жан-дүниесін ашқандай: италиялық өнерсүйер қауым Абайдың жұмыс орнынан алтын түсті орасан зор кітапхана, глобус, армиллярды көре алады. Ал бөлменің есігі таңданған жұртшылықтың алдында айқара ашылады. Соңғы көріністе пайдаланылатын 3D-технологиясы өте орынды қосылып, шаттыққа толы әсерге бөлейді.
«Астана Опера» МОБТ қойылымындағы «Абай» операсы 2018 жылғы Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылып, екінші кезеңіне өткенін айта кеткен жөн. Музыка сыншылары аталмыш сахналық қойылымның алыптығын, көпқырлылығы мен ауқымдылығын бірнеше рет атап өтті. Ол Қазақстанның опера өнерінің жаңа кезеңі болып табылады және әлемнің үздік сахналарында талай рет ұсынылатыны сөзсіз.
«Карло Феличе» театрының басшылығы италиялықтардың «Астана Операның» Нью-Йорк, Париж және Еуропа мен АҚШ-тың басқа да қалаларында сәтті өткен гастрольдері жайлы естіп, қанық болғандығын жеткізді.«Бұл Италияның опера тарихындағы ғаламат «Абай» спектаклінің тұңғыш орындалуы болмақ. Оқиғаға ерекше маңыздылық үстейтін оның қазақ тілінде қойылуы», - деп атап өтті «Карло Феличе» театрының дирижері Джузеппе Акуавива.
Бұдан бөлек, «Астана Опера» театрының ұжымы генуялық көрерменнің назарына Л.Бетховеннің №9 Симфониясын ұсынады. Шиллердің «Қуаныш» одасының мәтініне жазылған симфониядағы хордың финалы туындының идеясын айтарлықтай аша түседі.
Бетховеннің өмір сүріп, талай туындыларды дүниеге әкелген Вена қаласында білім алған және веналық классикалық дирижерлік мектебінің өкілі Алан Бөрібаев Симфониялық оркестрге дирижерлік етеді.
Сонымен қатар, концертке ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтың жетекшілігімен «Астана Опера» мен «Карло Феличе» хор әртістері, сондай-ақ жетекші солистер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері тенор Нұрлан Бекмұхамбетов, сопрано Жұпар Ғабдуллина, меццо-сопрано Дина Хамзина қатысады


inform.kz
21 қыркүйек 2018 ж. 1 184 1

JeaCold от 18 ақпан 2019 16:24
Free Shipping Cod Levaquin Gatigol Over Night cialis El Viagra Hace Dano Amoxil Forte Cialis Generika Aus Indien

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031