» » » Қазақстанның «Үздік актері» анықталды

Қазақстанның «Үздік актері» анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Актер Дәурен Серғазин «Үздік актер» номинациясы бойынша «Саxнагер-2018» ұлттық сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан театрлар қауымдастығы ұйымдастыруымен өткен, 27-наурыз - Халықаралық Театр күні мерекесіне орай, Жастар театрының негізін қалаушылардың бірі, кино актері Дәурен Серғазин «Үздік актер» номинациясы бойынша «Саxнагер-2018» ұлттық сыйлығының иегері атанды. Ол театр сахнасында Хлестаков, Люченцио, Қожа, Әмір, Артур сынды көптеген рөлдерімен қалың көрерменнің жүрегінен орын алып жүрген, кино әлемінде «Алдар көсе», «Шәмші аға» бейнелерімен көпшілік қауымға кең танылған. Сондай-ақ, жас әрі талантты актриса «Тілеп-Сарықыз» қойылымында Сарықыздың сүйкімді бейнесімен, «Моцарт» мюзклінде Алоизияның әдемі ырғақты дауысымен көрерменнің көз айымы болып жүрген Назерке Серікболова Сахнагердің арнайы «Үміт» сыйлығымен марапатталды.

29 наурыз 2018 ж. 1 618 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 381
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 237

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728