» » » «Төл басылым – тоқсанда»

«Төл басылым – тоқсанда»

qarmaqshy-tany.kz «Сыр медиа» ЖШС-не қарасты аудандық «Қармақшы таңы» газеті редакциясы Балалар жылына және газеттің 90 жылдығына орай балалар арасында «Төл басылым – тоқсанда» тақырыбымен жазба ақындар мүшәйрасын жариялайды.
БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ
Байқаудың мақсаты: Балалар шығармашылығына қолдау көрсету;
Газеттің 90 жыл көлемінде, қазірге дейінгі қол жеткен тарихи табыстары мен жетістіктерін оқырманға кең көлемде насихаттау;
Шығармашыл балалардың қаламын ұштау.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқауға 12 мен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады.
Туындыға қойылатын талаптар: Төл басылым тарихын тілге тиек ету;
Газеттің маңыздылығына тоқталу;
Тақырыптың өзегін, маңызын ашып көрсету;
Оқырманға әсерлі, тартымды етіп жеткізе білу;
Байқауға ұсынылатын материалдар Microsoft Word түрінде жолданып және өлең көлемі 14 шрифпен жазылуы керек. Көлемі А4 форматында 2 беттен аспау керек; Интернет, әлеуметтік желіден көшірілмеуі керек.
Тағайындалатын сыйлық бойынша: Жеңімпаздарға 4 орын беріледі. Редакция тарапынан бағалы сыйлықтар тағайындалады.
ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ Өлеңдер осы жылдың 5 – 15 қараша аралығында karm_tany@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Байқау қорытындысы 19 қараша күнгі газет нөмірінде жарияланады.
06 қараша 2022 ж. 1 029 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 107
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031