» » «Тәуелсіздік – ел өмірінде» атты эссе жазу байқауы өтпек

«Тәуелсіздік – ел өмірінде» атты эссе жазу байқауы өтпек



«Сыр медиа» ЖШС-не қарасты аудандық «Қармақшы таңы» газеті ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жастар мен жасөспірімдер  арасында «Тәуелсіздік – ел өмірінде» тақырыбымен эссе жазу байқауын жариялайды.

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты:
Жастар шығармашылығына қолдау көрсету;
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, қазірге дейінгі қол жеткен тарихи табыстары мен жетістіктерін оқырманға кең көлемде насихаттау;
Шығармашыл жастар өкілдерінің қаламын ұштау.
 
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер қатыса алады.

Туындыға қойылатын талаптар:
Тәуелсіздіктік жылдарындағы Қармақшы ауданының жетістіктерін негізге алу;
Патриоттық тәрбиені, Отанға, туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті паш ету;
Тақырыптың өзегін, маңызын ашып көрсету;
Деректер мен дәйектерге сүйене отырып, өз пікірін білдіру;
Оқырманға әсерлі, тартымды етіп жеткізе білу;
Байқауға ұсынылатын материалдар Microsoft Word түрінде жолданып және эссе көлемі 14 шрифпен жазылуы керек. Көлемі А4 форматында 2 беттен аспау керек;
Интернет, әлеуметтік желіден көшірілмеуі керек.

Тағайындалатын сыйлық бойынша:
"Үздік эссе" жанры бойынша КСРО Журналистер одағының мүшесі, белгілі қаламгер Әзілхан Аманов атындағы сыйлық.

ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
Шығармалар осы жылдың 15 тамыз – 15 қазан аралығында karm_tany@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
Байқау қорытындысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында жарияланады. 
08 тамыз 2021 ж. 2 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 863
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930