» » Қаламгер рухына құрмет

Қаламгер рухына құрмет


«Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты 90 жылдық тарихы бар аудандық «Қармақшы таңы» газеті Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай белгілі қаламгер, ұзақ жыл аудандық газетке редакторлық еткен, қаншама журналистің ұстазы болған ұлағатты жан Әзілхан Аманов атында «Тәуелсіздік – ел өмірінде» атты эссе жазу байқауын ұйымдастырған-ды.
Байқаудың талабы бойынша шығармалар осы жылдың 15 тамыз – 15 қазан аралығында газеттің электронды поштасында қабылданды. Іріктеліп алынған эсселер газетке жарияланды. Байқаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, қазірге дейінгі қол жеткен тарихи табыстары мен жетістіктерін оқырманға кең көлемде насихаттау, шығармашыл жастар өкілдерінің қаламын ұштау болатын.
Аудандық балалар кітапханасында өткен кеште Әзілхан Амановтың өнегелі өмір жолы мен еңбегі насихатталып, байқау қорытындысымен жеңімпаздар марапатталды.
Білікті басшы, отбасына да, жүрген ортасына да жайлы жан Әзілхан Амановтың егемендікті көрмей, 1991 жылы небәрі 60 жасында дүние салғанын айтқан баспахана, редакция ардагерлері Мариямкүл Әбдіраманова, Баян Әлиасқарова, Ақсұлу Ршауова, Жұмагүл Жайшылықова, Алтын Үбәйдуллаева,Нарша Алданазаровтар өткен өмірлеріне сәл шегініс жасады. Көздеріне жас алып, белді тұлғаны ұмытпай, ұлықтап жатқан газеттің қазіргі ұжымына, ұрпағына алғысын жаудырды. Азаматтық болмысы мен жақсы қасиеттерін жастарға үлгі ретінде насихаттай білді. Газетпен шығармашылық байланыстағы қоғам белсенділері  Әбдірахман Құлдүйсенов, Шегебай Құндақбаев, Дастан Нәзікбаевтар рухани басқосудың маңыздылығын, шығармашылық өкілдерінің еңбегі жайында айтса, орталық кітапханалар жүйесінің директоры балалар кітапханасының меңгеруші Күлшара Қаниева әріптесі Айнұр Аманованың әкесіне тартып туғанын мақтанышпен айтты. «Жақсы әке балаға қырық жыл азық» деген  осы деді өз сөзінде.
Байқауға қатысушы №250 мектеп-лицейдің оқушысы Ақнұр Серікбай «Жас қаламгер», №26 мектептің оқушысы Айбибі Есентемірова «Зерек ой», №26 мектептің мұғалімі Жансая Бегман «Сөз шебері», білім бөлімінің қызметкері Арайлым Шәкімбаева «Ұшқыр қалам» номинацияларымен марапатталса, жүлделі ІІІ орынды №185 орта мектеп мұғалімі Жадыра Қошманова мен №250 мектеп-лицейдің мұғалімі Абылай Шаймерден, ІІ орынды №30 орта мектептің оқушысы Айғаным Әбдуәлиева, І орынды №183 орта мектептің мұғалімі Әсем Жүсіпбек, бас жүлдені №183 орта мектептің оқушысы Аяулым Жаудатова иеленді. Бас жүлде иесіне табысталған домбыра Әзілхан Амановтың ұлы шебер Бектастың қолынан арнайы дайындалған.
08 желтоқсан 2021 ж. 645 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031