» » » Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз

Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз

Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі аудандық газеттің оқырмандары!
Елдегі төтенше жағдайға және Қармақшы ауданындағы санитарлық талаптарға байланысты елді мекендерге кіруге уақытша шектеу қойылуына орай аудандық "Қармақшы таңы" газетінің таратылуында іркіліс болуда. Бұл мәселе қиын кезеңде қабылданып жатқан шаралардан туындауда.
Осыған орай, оқырмандардың аудан жаңалықтарын және газеттің ПДФ нұсқасын электронды сайтымыздан оқуына толық мүмкіндігі бар. Сайт тәулік бойы жұмыс істейді. Бас директордың бұйрығымен қызметкерлер де онлайн форматта қашықтықтан жұмыс істеуге көшірілді. Сондықтан бұл мәселеге, яғни газеттеріңіздің мекен-жайларыңызға келмей қалуына түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
Айта кетерлігі, газетті таратушы мамандар да өз жерлестеріміз, біріңіздің әкеңіз, біріңіздің анаңыз, енді біріңіздің жақын туысыңыз. Олардың да үйден шықпай, талап пен тәртіпке бағынғаны дұрыс. Онлайн режимде өткен апталық жиналыста таратушыларға нақты тапсырма берілді, айлық жалақылары сақталатыны айтылды.
Бүгінгі таңда біздің басты мақсатымыз – карантиндік режим талаптарын бұлжытпай орындау. Сондықтан оқырмандардан осы жағдайға барынша түсіністік танытып, ортақ талапқа бағынуды сұраймыз. Біз қиындықты бірге еңсереміз! Бәріңізге амандық тілейміз!
"Қармақшы таңы" газетінің ұжымы
02 сәуір 2020 ж. 3 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930