» » Қармақшы аудандық сотында «Виртуалды сот» қызметі іске қосылды

Қармақшы аудандық сотында «Виртуалды сот» қызметі іске қосылды

Қармақшы аудандық сотына келіп түскен істер мен материалдарды виртуалды режимде қарау мақсатында ауданның Төретам кенті, Дауылкөл, ІІІ-Интернационал сияқты алшақ ауылдық округтері әкімдіктерінің ғимараттарына замануи бейнеконференцбайланыс құрылғысы орнатылды. Осылайша, «Виртуалды сот» осы аудан тұрғындарына сот процесіне өздерінің тұратын ауылдық округтарында бола тұра онлайн режимде қатысуға мүмкіндік береді.
Жоба аясында қылмыстық теріс қылық туралы істер, азаматтық, әкімшілік істер мен материалдар онлайн режимде қаралады. Бұл ретте судья сот процесін нақты уақыт режимінде өткізетін болады. Сот талқылауының қатысушыларына сотқа келу қажеттілігі жоқ, олар тек СМС хабарлама алғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша әкімдік ғимаратына келсе болғаны. Ол жерде кезекші (әкімдік маманы) көрсетілген уақытта сотпен бейнеконференцбайланысты қосып береді.
Бейнеконференцбайланыс арқылы сот процестерін өткізу тек уақытты ғана емес, сонымен бірге бюджет қаражатын да үнемдейді.
Қайнар:
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
10 сәуір 2019 ж. 1 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10388)

17 наурыз 2025 ж.

№19 (10387)

15 наурыз 2025 ж.

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 517
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31