» » Кенеден келер кесір көп

Кенеден келер кесір көп

      Көктем шығып табиғат ұйқысынан оянуымен қатар қоршаған ортада әр түрлі жұқпалы ауруларды тарататын жәндіктердің де белсенділігі арта түседі. Солардың бірі-кене.Кененің шағуы арқылы берілетін жұқпалы аурулар басым жағдайда жыл мезгілінің көктем-жаз айларына тиесілі. Негізінен ауылдық жердің тұрғындары ауыратын болса,қалалық тұрғындардан мал ұстайтын не болмаса саяжайда демалған уақыттарда аталмыш аурумен науқастанады.
     Кене адамға көптеген аурулар таратады,солардың қатарына Конго Қырым геморрагиялық қызбасын жатқызуға болады. Қонго Қырым геморрагиялық қызбасы  ауруының негізгі тасымалдаушысы иксод кенелері.Сондықтан адамдар арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы кенелердің белсенділігі артқан кезде жиі кездеседі.Кенелердің көптеп кездесу кезеңі көктем және жаз айлары,нақтырақ айтқанда –сәуір,мамыр,маусым айлары.Жалпы кенелер далалық жерлерде,бұталы өсімдіктердің басында,құмдағы мал жайылымдарында,мал қораларда,малдарда болады. Егер адам осы жерлерден өтетін болса,кене тез арада адамның үстіне түседі.
      Кене шаққанда өзінің сілекейімен арнайы фермент бөледі,сол себепті көпшілік жағдайда кененің шаққаны білінбейді.Кенелер шағу кезінде сілекей бездері арқылы адамның қанына вирус еңгізеді. Бұл өте қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы секілді ауруға душар етеді. Денедегі кенені жалаңаш қолмен алуға,езуге,малдың жүнін қырыққанда қолғапсыз жұмыс жасауға тыйым салынады. Себебі,вирус адам денесіне қан арқылы еніп,ауруға шалдықтырады.
     Тоғайлы жерлерге барар алдында кенені денеге жолатпас үшін міндетті түрде арнаулы киім кию керек,немесе ашық түсті кененің жабысқанын көрілетін жақсы қорғалған киім,аяқ киім,бас киіммен қамтылғаныңыз жөн болар. Дененің ашық жеріне кенелерді қорқытатын репеленттер (спирттік зат,одеколон) құралдарын қолдану керек. Негізі адам әрбір 2-3 сағат сайын киімдерді,желке мен құлақтың тұсын,қолтық пен шаптың маңайын мұқият қараған дұрыс. Табиғатқа демалуға немесе жұмысқа барғанда шөбі қалың емес,бұтасы аз,күннің көзі көп түсетін ашық жерлерге орналасқан дұрыс. Кененің адамдарға ең көп шабатын уақыты таңғы сағат 8-ден 11-ге дейін және кешкі сағат 17.00 пен 20.00-дің аралығы. Күн ыстықта сағат 11-ден 17-ге дейін олардың белсенділігі төмендей бастайды.
     Жалпы кене қадалған кезде оны жылдам алу үшін өсімдік майын тамызып,15-20 минут өткеннен соң,жіптен жасалған ілмектің көмегімен әрі-бері қозғалтып,ептеп алып тастаған жөн. Өсімдік майы кененің тыныс алу жолдарын бітеп,оның жылдам алынуына көмектеседі. Кененің орнын йод ерітіндісімен немесе спиртпен залалсыздандыру керек. Кене шаққаннан кейін дереу дәрігерге тексерілген дұрыс. Себебі шаққан кене залалды болып табылуы мумкін.
    Аурудың белгілері: Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы аяқ астынан тез басталады. Басталуы кез келген вирустық инфекцияда болатын белгілермен сипатталады-дене қызуының күрт көтерілуі,бас ауруы,тамаққа тәбетінің болмауы,буын мен белдің сырқырау. Келесі күні лоқсуы,құсуы,іші өтуі,беті ісініп,қызаруы мүмкін. Ауру одан әрі дамыған жағдайда науқастың мұрнынан,қызыл иегінен,ине салған жерлерінен,ішектен,тағы басқа жерлерден қан кете бастайды,тері бөртпелері және тері астына қан құйылу арқылы көкала дақтар пайда болады. Осының салдарынан науқастың жағдайы нашарлап,әлсірейді,жүректің соғуы жиілейді. Аурудың бірінші белгілері пайда болған жағдайда өлім-жітімді болдырмау үшін емдеуді мүмкіндігінше тез бастау керек. Қазіргі уақытта ҚҚГҚ ауруын емдеу әдістері тиімді нәтиже беруде. Сондықтан,егер Сізді кене шағып алған болса,міндетті түрде тұрғылықты жер бойынша емдеу мекемесіне көмекке жүгініңіз. Медицина қызметкерлері Сізге 14 күн бойы бақылау жүргізеді.
        Қорыта айтқанда,өте күрделі мәселеге айналып бара жатқан кене шағу жағдайы адамға қорқыныш ұялатады. Сондықтан да сақтансаң сақтаймын деген сөзді мықтап жадыңызда ұстағаныңыз абзал.   

Лариса Тынымбаева
ҚР ДСМ ҚДСК «ҰСО» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының
Қармақшы аудандық бөлімшесі  энтомологі
28 маусым 2019 ж. 1 553 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031