Конституция
» » Туристік саяхат

Туристік саяхат

№275 орта мектеп жанындағы "Жұлдыз" жазғы тынығу лагерінің оқушылары Қармақшы ауданындағы бүкіл түркі әлемінің абызы атанған Қорқыт ата мемориалдық кешеніне туристік саяхатпен барды. Бұл шара лагерь оқушыларының ата-аналары қаражаты есебінен ұйымдастырылды. Саяхаттың мақсаты - оқушылардың рухани танымын кеңейтіп, Қорқыт Ата мұраларынан сыр тартқан мұражаймен таныстыру. Саяхат барысында, оқушылар ұстаздарының Қорқыт ата ескерткіш-кесенесінің жанына барсаңыз қобыздың дауысы естіледі деген сөзіне бұрын таң қалатын болса, енді сол үнді есітіп, көздерін жеткізді. Сондай-ақ, Қорқыт Ата мұражайының қызметкері- Мағауия ағай оқушыларды музейдегі тарихи жәдігерлермен таныстырып, Қорқыт баба, Ақсақ қыз туралы аңыз-әңгімелерді баяндап берді. Одан соң, оқушылар кешеннің "амфитеатр" бөлігінде фотосессия жасап, сурет пен видеолар түсірді. Саяхаттан соң, оқушылар лагерь тәрбиешілері ұйымдастырған эссе жазу, сурет салу сайыстарына және танымдық сағаттарына қатысты.

20 маусым 2019 ж. 1 918 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031