» » Музейге саяхат

Музейге саяхат

№275 орта мектебі жанынан ашылған «Жұлдыз» жазғы тынығу лагерінің оқушыларымен «Әдебиет әлемі» жас оқырмандар сайысы өткізілді. 
Сайыс мақсаты - оқушыларды білімділікке үйрету, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу. Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге үйрету.
Сайыс барысында лагерь оқушылары «Тұлпар», «Сұңқар», «Жігер», «Болашақ» деп төрт топқа бөлініп, өз ұрандарымен, топ мүшелерімен таныстырды. Сайыстың «Жақсы кітап-жан азығы» деген кезеңінде әр топқа бір-бір кітаптан беріліп, сол кітапты жарнамаласа, ал «Кітап үйі — кітапхана» кезеңінде оқушылар белгілі ақын-жазушылардың портреттіне қарап, олардың есімі мен шығармаларын айтты. Сайыстың соңғы кезеңі «Көркемсөз шеберлері» бөлімінде белгілі ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, ал жазушылардың шығармаларын оқып, өз түсініктерін айтты. 
Әділ қазылар алқасы сайыстың нәтижесін шығарғанша лагерь тәрбиешілері оқушыларды «Жас оқырман» кітап көрмесімен таныстырып, кітаптың адамның рухани өміріндегі маңызына тоқталып өтті. Сайыс нәтижесі бойынша «Болашақ» тобы жеңіске жетіп, тәтті сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, оқушылар Байқоңыр кешеніндегі Ресей Федерациясына қарасты УМВД полиция бөлімі жанындағы музейге саяхат жасап, тарихи құжаттармен және жәдігерлермен танысты. Оған қоса лагерь оқушыларымен "Менің отбасым" фотосуреттер көрмесін және "Оригами" қолөнер сайысы өткізілді.

19 маусым 2019 ж. 2 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930